Хадис

Сахих Мүслим, № 2137

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
15. Алла Тағаланың «Бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ﴾
Нөмірі
№ 2137 (Мухтасар реті)
2137
Мүслим, № 2137Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثٌ إِذَا خَرَجْنَ ﴿لَا يَنْفَعُ نَفْسًا إِيمَانُهَا لَمْ تَكُنْ آمَنَتْ مِنْ قَبْلُ أَوْ كَسَبَتْ فِي إِيمَانِهَا خَيْرًا﴾: طُلُوعُ الشَّمْسِ مِنْ مَغْرِبِهَا، وَالدَّجَّالُ، وَدَابَّةُ الْأَرْضِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Үш нәрсе шыққан кезде “бұрын иман келтірмеген немесе иманы негізінде ешбір қайырлы іс істемеген адамға келтірген иманы ешқандай да пайда бермейді” (“Әнғам”, 158). Олар: Күннің батыстан шығуы, Дәжжал және жерден шығатын мақұлық», – деген (158/249).