Хадис

Сахих Мүслим, № 2177

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
52. Алла Тағаланың «Раббың сені тастап кетпеді һәм сені жек көріп қалған да емес!» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَى﴾
Нөмірі
№ 2177 (Мухтасар реті)
2177
Мүслим, № 2177

عَنِ الْأَسْوَدِ بْنِ قَيْسٍ، قَالَ: سَمِعْتُ جُنْدُبَ بْنَ سُفْيَانَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَقُولُ: اِشْتَكَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَلَمْ يَقُمْ لَيْلَتَيْنِ أَوْ ثَلَاثًا، فَجَاءَتْهُ اِمْرَأَةٌ، فَقَالَتْ: «يَا مُحَمَّدُ، إِنِّي لَأَرْجُو أَنْ يَكُونَ شَيْطَانُكَ قَدْ تَرَكَكَ، لَمْ أَرَهُ قَرِبَكَ مُنْذُ لَيْلَتَيْنِ أَوْ ثَلَاثٍ». قَالَ: فَأَنْزَلَ اللَّهُ عَزَّ وَجَلَّ: ﴿وَالضُّحَى وَاللَّيْلِ إِذَا سَجَى مَا وَدَّعَكَ رَبُّكَ وَمَا قَلَى﴾ [الضُّحَى: 1⁠–⁠3].

Қазақша аудармасы

Әл-Әсуад ибн Қайс Жундуб ибн Суфиянның (р.а.) былай дегенін естігенін жеткізді: «Алла Елшісі (с.а.с.) сырқаттанып, екі не үш түн бойы намазға тұра алмады. Сонда оған бір әйел келіп: “Уа, Мұхаммед! Шайтаның сені тастап кеткен болар деп үміттенемін. Екі не үш түннен бері оның саған жақындағанын көрмедім”, – деді. Осыған байланысты Ұлы әрі аса мәртебелі Алла мына аяттарды түсірді: “Сәске уақытына серт! Қою қараңғылық қаптап, жым-жырт тыныштық орнаған түнге серт! Раббың сені тастап кетпеді һәм сені жек көріп қалған да емес!” (“Духа”, 1⁠–⁠3⁠-⁠аяттар)» (1797/115).