Хадис

Сахих Мүслим, № 2178

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
68. Тәпсір кітабыكِتَابُ التَّفْسِيرِ
бап
53. Алла Тағаланың «Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.» деген сөзі туралыبَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾
Нөмірі
№ 2178 (Мухтасар реті)
2178
Мүслим, № 2178Риуаят етуші: Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ الشِّخِّيرِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: أَتَيْتُ النَّبِيَّ ﷺ وَهُوَ يَقْرَأُ: ﴿أَلْهَاكُمُ التَّكَاثُرُ﴾، قَالَ: «يَقُولُ ابْنُ آدَمَ: “مَالِي، مَالِي”». قَالَ: «وَهَلْ لَكَ يَا ابْنَ آدَمَ مِنْ مَالِكَ إِلَّا مَا أَكَلْتَ فَأَفْنَيْتَ، أَوْ لَبِسْتَ فَأَبْلَيْتَ، أَوْ تَصَدَّقْتَ فَأَمْضَيْتَ؟»

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн әш-Шиххир (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбарға (с.а.с.) келгенімде, ол: “Әулет пен дәулеттің көптігімен мақтан әрі өзара жарыс сендерді әбден еліктіріп, көңілдеріңді толығымен жалған дүниеге аударды.” (“Тәкәсур”, 1), – деп оқып отыр екен. Содан кейін ол: “Адам баласы: ‘Малым, малым!’ – дейді”, – деді. Ол тағы: “Уа, Адам баласы! Сенің малыңнан жеп тауысқаның, киіп тоздырғаның немесе садақаға беріп, алдыңнан жібергеніңнен басқа саған тиесілі не бар?” – деді» (2958/3).