Хадис

Сахих Мүслим, № 2115

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
18. Құран жеті түрлі үлгіде түсірілгенبَابٌ: أُنْزِلَ الْقُرْآنُ عَلَى سَبْعَةِ أَحْرُفٍ
Нөмірі
№ 2115 (Мухтасар реті)
2115
Мүслим, № 2115Риуаят етуші: Омар (р.а.)

عَنْ عُمَرَ بْنِ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ هِشَامَ بْنَ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ يَقْرَأُ سُورَةَ الْفُرْقَانِ عَلَى غَيْرِ مَا أَقْرَؤُهَا، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَقْرَأَنِيهَا، فَكِدْتُ أَنْ أَعْجَلَ عَلَيْهِ، ثُمَّ أَمْهَلْتُهُ حَتَّى اِنْصَرَفَ، ثُمَّ لَبَّبْتُهُ بِرِدَائِهِ، فَجِئْتُ بِهِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنِّي سَمِعْتُ هَذَا يَقْرَأُ سُورَةَ الْفُرْقَانِ عَلَى غَيْرِ مَا أَقْرَأْتَنِيهَا”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَرْسِلْهُ، اِقْرَأْ”، فَقَرَأَ الْقِرَاءَةَ الَّتِي سَمِعْتُهُ يَقْرَأُ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “هَكَذَا أُنْزِلَتْ”. ثُمَّ قَالَ لِي: “اِقْرَأْ”، فَقَرَأْتُ، فَقَالَ: “هَكَذَا أُنْزِلَتْ. إِنَّ هَذَا الْقُرْآنَ أُنْزِلَ عَلَى سَبْعَةِ أَحْرُفٍ، فَاقْرَءُوا مَا تَيَسَّرَ مِنْهُ”».

Қазақша аудармасы

Омар ибн әл-Хаттаб (р.а.) былай деген: «Һишам ибн Хаким ибн Хизамның “Фурқан” сүресін мен оқитын қырағаттан өзгеше түрде оқып тұрғанын естідім. Алла Елшісі (с.а.с.) бұл сүрені маған өзі оқытып үйреткен еді. Мен оған бірден бас салуға шақ қалдым. Алайда ол намазын аяқтағанша күте тұрдым. Содан кейін шапанының жағасынан ұстап, Алла Елшісіне (с.а.с.) алып келдім де: “Уа, Расулалла! Мына адамның ‘Фурқан’ сүресін маған өзіңіз оқытып үйреткен қырағаттан өзгеше түрде оқығанын естідім”, – дедім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Оны жібере бер. Оқы!” – деді. Һишам мен естіген қырағатпен оқып берді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бұл сүре осылай түсірілген”, – деді. Содан кейін маған: “Оқы!” – деді. Мен оқып бердім. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл сүре осылай да түсірілген. Расында, бұл Құран жеті түрлі үлгіде түсірілді. Сондықтан одан өздеріңе жеңіл болғанын оқыңдар”, – деді», – деген (818/270).