Хадис

Сахих Мүслим, № 2109

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
67. Құранның артықшылықтары кітабыكِتَابُ فَضَائِلِ الْقُرْآنِ
бап
14. Құранды жиі оқып, қайталап отыруға бұйыру туралыبَابٌ: الْأَمْرُ بِتَعَاهُدِ الْقُرْآنِ بِكَثْرَةِ التِّلَاوَةِ
Нөмірі
№ 2109 (Мухтасар реті)
2109
Мүслим, № 2109Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «إِنَّمَا مَثَلُ صَاحِبِ الْقُرْآنِ كَمَثَلِ الْإِبِلِ الْمُعَقَّلَةِ، إِنْ عَاهَدَ عَلَيْهَا أَمْسَكَهَا، وَإِنْ أَطْلَقَهَا ذَهَبَتْ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (Алла екеуіне де разы болсын) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Құранды жаттаған адам тұсаулы түйелердің иесі тәрізді: егер оларды қадағалап отырса, ұстап қалады, ал бос жіберсе, олар кетіп қалады», – деген (789/226).