Хадис
كِتَابُ الزَّكَاةِ

Зекет кітабы

Сахих Мүслим, 7-кітап · 71 хадис · № 501–570

Мазмұны: 59 бап
  1. 1Зекет берудің міндеттілігі
  2. 2Зекеті берілетін дүние-мүлік: алтын-күміс, егін өнімдері және мал
  3. 3Оннан бірі немесе жиырмадан бірі зекетке берілетін өнімдер
  4. 4Мұсылманға құлы мен жылқысы үшін зекет беру міндетті емес
  5. 5Зекетті мерзімінен бұрын беру және оны беруден бас тарту туралы
  6. 6Зекетін бермейтін адам туралы
  7. 7Дүние-мүлікті қор етіп жинағандар және оларға айтылған қатаң ескерту туралы
  8. 8Зекет жинаушыларды разы ету жөніндегі бұйрық
  9. 9Зекетін алып келген адам үшін дұға ету
  10. 10Иманына қауіп төнуі мүмкін адамға үлес беру
  11. 11Жүректерін Исламға жақындату көзделген адамдарға үлес беру және иманы берік жандардың сабыр сақтауы
  12. 12Алла Елшісінің (с.а.с.) және оның отбасы мүшелерінің садақа алуына рұқсат етілмеуі
  13. 13Пайғамбардың (с.а.с.) әулетінің мүшелерін зекет жинаушы етіп тағайындаудың ұнамсыз саналуы
  14. 14Өзге адамға садақа ретінде берілген нәрсені Пайғамбардың (с.а.с.) әулетінің сыйлық ретінде алуына рұқсат етілуі
  15. 15Пайғамбардың (с.а.с.) сыйлықты қабылдап, садақаны кері қайтаруы
  16. 16Мұсылмандардың құрма мен арпадан пітір садақасын беруінің міндеттілігі туралы
  17. 17Пітір садақасын азық-түліктен, құрттан және мейізден беру
  18. 18Пітір садақасын айт намазынан бұрын беру жөніндегі бұйрық
  19. 19Садақа беруге ынталандыру туралы
  20. 20Қаражат жұмсауға үндеу туралы
  21. 21Садақаны қабылдайтын адам табылмайтын кез келмей тұрып, садақа беруге ынталандыру
  22. 22Күйеуіне және баласына садақа беру
  23. 23Жақын туыстарға садақа беру
  24. 24Нағашыларға садақа беру
  25. 25Аллаға серік қосатын анасымен туыстық байланысты сақтау
  26. 26Қайтыс болған анасының атынан садақа беру
  27. 27Мұқтаждарға садақа беруге үндеу және осы игі іске бастамашы болған адамның алатын сауабы
  28. 28Мұқтаждар мен жолаушыларға садақа беру
  29. 29Құрманың жартысын болса да садақаға беріп, Тозақ отынан сақтаныңдар
  30. 30Сауын малды сүтін пайдалану үшін уақытша беру арқылы садақа жасауға ынталандыру
  31. 31Садақаны жасырын берудің артықшылығы
  32. 32Дені сау әрі дүние-мүлкін қимайтын адамның берген садақасының артықшылығы
  33. 33Адал табыстан берілген садақаның қабыл болуы және оның сауабының еселенуі
  34. 34Аз мөлшерде берілген садақаны елеусіз санамау
  35. 35Алла Тағаланың «Қайыр-садақаны молынан беретін жомарт мүміндерді өздерінше жазғырады» деген мағынадағы сөзі туралы
  36. 36Садақа беруді өзге де игі істермен ұштастырған адам туралы
  37. 37Әрбір игі іс – садақа
  38. 38Алланы пәктеп дәріптеу, «Алладан басқа тәңір жоқ» деп айту және игі істер жасау – садақа
  39. 39Садақа беру және оның адам денесіндегі әрбір буын үшін міндетті болуы
  40. 40Садақа алуға лайықты емес адамға берілген садақаның да қабыл болуы туралы
  41. 41Садақа беруші мен сараң адам туралы
  42. 42Мал-мүлкін жұмсайтын адам мен оны жұмсамай сақтайтын адам туралы
  43. 43Аманатқа адал қазынашы – садақа берушілердің бірі
  44. 44Садақа бер, санап отырма әрі жинап сақтама
  45. 45Әйелдің күйеуінің үйіндегі дүние-мүліктен жұмсауы
  46. 46Құлдың қожайынының дүние-мүлкінен жұмсауы
  47. 47Қайыр сұраудан тартыну және сабыр сақтау
  48. 48Күнкөріске жетерлік ризық пен қанағат туралы
  49. 49Қайыр сұраудан тартыну
  50. 50Адамдардан қайыр сұраудың ұнамсыз саналуы
  51. 51Беруші қол – алушы қолдан қайырлы
  52. 52Күнкөріске жетерлік дүние-мүлкі жоқ әрі адамдардан қайыр сұрамайтын мұқтаж адам туралы
  53. 53Байлық дүние-мүліктің көптігінде емес
  54. 54Дүниеге құнығудың ұнамсыз саналуы
  55. 55Адам баласының дүние-мүлікке толы екі аңғары болса, үшіншісін де іздер еді
  56. 56Дүниенің көркі саналатын игіліктердің берілуі
  57. 57Өзі сұрамай әрі дәметпей берілген нәрсені алуға рұқсат етілуі
  58. 58Қайыр сұрауға рұқсат етілетін адамдар туралы
  59. 59Дөрекі түрде сұраған адамға үлес беру
بَابٌ: وُجُوبُ الزَّكَاةِ

1-бапЗекет берудің міндеттілігі

501
Мүслим, № 501Риуаят етуші: Ибн Аббас (р.а.)

عَنِ ابْنِ عَبَّاسٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ مُعَاذًا قَالَ: «بَعَثَنِي رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “إِنَّكَ تَأْتِي قَوْمًا مِنْ أَهْلِ الْكِتَابِ، فَادْعُهُمْ إِلَى شَهَادَةِ أَنْ لَا إِلَهَ إِلَّا اللَّهُ وَأَنِّي رَسُولُ اللَّهِ؛ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ خَمْسَ صَلَوَاتٍ فِي كُلِّ يَوْمٍ وَلَيْلَةٍ؛ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَأَعْلِمْهُمْ أَنَّ اللَّهَ افْتَرَضَ عَلَيْهِمْ صَدَقَةً تُؤْخَذُ مِنْ أَغْنِيَائِهِمْ فَتُرَدُّ فِي فُقَرَائِهِمْ؛ فَإِنْ هُمْ أَطَاعُوا لِذَلِكَ، فَإِيَّاكَ وَكَرَائِمَ أَمْوَالِهِمْ، وَاتَّقِ دَعْوَةَ الْمَظْلُومِ؛ فَإِنَّهُ لَيْسَ بَيْنَهَا وَبَيْنَ اللَّهِ حِجَابٌ”».

Қазақша аудармасы

Ибн Аббастың (р.а.) жеткізуінше, Мұғаз былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) мені аттандырып жатып: “Сен Кітап иелерінен болған бір қауымға барасың. Оларды Алладан басқа құлшылыққа лайықты ешбір тәңір жоқ екеніне және менің Алла Елшісі екеніме куәлік етуге шақыр. Егер олар осыған мойынсұнса, Алланың оларға әр тәулікте бес уақыт намазды парыз еткенін хабарла. Егер бұған да мойынсұнса, Алланың оларға байларынан алынып, кедейлеріне қайтарылатын зекетті парыз еткенін хабарла. Егер бұған да мойынсұнса, олардың ең бағалы мал-мүлкін алудан сақтан. Жәбір көрген адамның дұғасынан қорық. Өйткені оның дұғасы мен Алланың арасында ешбір перде жоқ”, – деді». (19/29)

بَابٌ: مَا فِيهِ الزَّكَاةُ مِنَ الْأَمْوَالِ الْعَيْنِ وَالْحَرْثِ وَالْمَاشِيَةِ

2-бапЗекеті берілетін дүние-мүлік: алтын-күміс, егін өнімдері және мал

502
Мүслим, № 502Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ فِي حَبٍّ وَلَا تَمْرٍ صَدَقَةٌ حَتَّى يَبْلُغَ خَمْسَةَ أَوْسُقٍ، وَلَا فِيمَا دُونَ خَمْسِ ذَوْدٍ صَدَقَةٌ، وَلَا فِيمَا دُونَ خَمْسِ أَوَاقٍ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Дән мен құрманың мөлшері бес уасққа жетпейінше, олардан зекет алынбайды. Бес түйеден аз малдан зекет алынбайды әрі бес уқиядан аз күмістен де зекет алынбайды», – деген. (979/5)

بَابٌ: مَا فِيهِ الْعُشْرُ أَوْ نِصْفُ الْعُشْرِ

3-бапОннан бірі немесе жиырмадан бірі зекетке берілетін өнімдер

503
Мүслим, № 503Риуаят етуші: Жәбир (р.а.)

عَنْ جَابِرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ سَمِعَ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «فِيمَا سَقَتِ الْأَنْهَارُ وَالْغَيْمُ الْعُشُورُ، وَفِيمَا سُقِيَ بِالسَّانِيَةِ نِصْفُ الْعُشْرِ».

Қазақша аудармасы

Жәбир ибн Абдулла (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Өзен суымен немесе жаңбырмен суарылған өнімнің оннан бірі, ал құдықтан түйемен су тартып суарылған өнімнің оннан бірінің жартысы алынады», – дегенін естіген. (981/7)

بَابٌ: لَا زَكَاةَ عَلَى الْمُسْلِمِ فِي عَبْدِهِ وَلَا فَرَسِهِ

4-бапМұсылманға құлы мен жылқысы үшін зекет беру міндетті емес

504
Мүслим, № 504Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ عَلَى الْمُسْلِمِ فِي عَبْدِهِ وَلَا فِي فَرَسِهِ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Мұсылманның құлы мен жылқысына зекет жоқ», – деген. (982/8)

بَابٌ: فِي تَقْدِيمِ الصَّدَقَةِ وَمَنْعِهَا

5-бапЗекетті мерзімінен бұрын беру және оны беруден бас тарту туралы

505
Мүслим, № 505Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَعَثَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ عُمَرَ عَلَى الصَّدَقَةِ، فَقِيلَ: “مَنَعَ ابْنُ جَمِيلٍ وَخَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ وَالْعَبَّاسُ عَمُّ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَا يَنْقِمُ ابْنُ جَمِيلٍ إِلَّا أَنَّهُ كَانَ فَقِيرًا فَأَغْنَاهُ اللَّهُ، وَأَمَّا خَالِدٌ فَإِنَّكُمْ تَظْلِمُونَ خَالِدًا، وَقَدِ احْتَبَسَ أَدْرَاعَهُ وَأَعْتَادَهُ فِي سَبِيلِ اللَّهِ. وَأَمَّا الْعَبَّاسُ فَهِيَ عَلَيَّ وَمِثْلُهَا مَعَهَا”. ثُمَّ قَالَ: “يَا عُمَرُ، أَمَا شَعَرْتَ أَنَّ عَمَّ الرَّجُلِ صِنْوُ أَبِيهِ؟”»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Омарды зекет жинауға жіберді. Сонда: “Ибн Жәмил, Халид ибн әл-Уәлид және Алла Елшісінің (с.а.с.) көкесі Аббас зекет бермеді”, – деп айтылды. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ибн Жәмилдің зекет беруден бас тартуына оның бұрын кедей болып, кейін Алланың оны байытқанынан басқа себеп жоқ. Ал Халидке келсек, сендер оған әділетсіздік жасап отырсыңдар. Ол сауыттары мен соғыс жарақтарын Алла жолына арнап қойған. Ал Аббастың зекеті де, оған қоса тағы соншасы да менің мойнымда”, – деді. Содан кейін: “Уа, Омар! Адамның көкесі әкесінің сыңары екенін білмеуші ме едің?” – деді». (983/11)

بَابٌ: فِيمَنْ لَا يُؤَدِّي الزَّكَاةَ

6-бапЗекетін бермейтін адам туралы

506
Мүслим, № 506Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «اِنْتَهَيْتُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ وَهُوَ جَالِسٌ فِي ظِلِّ الْكَعْبَةِ، فَلَمَّا رَآنِي قَالَ: “هُمُ الْأَخْسَرُونَ وَرَبِّ الْكَعْبَةِ”. قَالَ: فَجِئْتُ حَتَّى جَلَسْتُ، فَلَمْ أَتَقَارَّ أَنْ قُمْتُ، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، فِدَاكَ أَبِي وَأُمِّي، مَنْ هُمْ؟” قَالَ: “هُمُ الْأَكْثَرُونَ أَمْوَالًا، إِلَّا مَنْ قَالَ هَكَذَا وَهَكَذَا وَهَكَذَا” (مِنْ بَيْنِ يَدَيْهِ وَمِنْ خَلْفِهِ وَعَنْ يَمِينِهِ وَعَنْ شِمَالِهِ) “وَقَلِيلٌ مَا هُمْ. مَا مِنْ صَاحِبِ إِبِلٍ وَلَا بَقَرٍ وَلَا غَنَمٍ لَا يُؤَدِّي زَكَاتَهَا إِلَّا جَاءَتْ يَوْمَ الْقِيَامَةِ أَعْظَمَ مَا كَانَتْ وَأَسْمَنَهُ، تَنْطَحُهُ بِقُرُونِهَا وَتَطَؤُهُ بِأَظْلَافِهَا، كُلَّمَا نَفِدَتْ أُخْرَاهَا عَادَتْ عَلَيْهِ أُولَاهَا حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ النَّاسِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәрр (р.а.) былай деген: «Мен Қағбаның көлеңкесінде отырған Пайғамбарға (с.а.с.) келдім. Ол мені көргенде: “Қағбаның Раббысына ант етемін, солар – нағыз зиянға ұшыраушылар!” – деді. Мен оның қасына барып отырдым. Алайда байыз тауып отыра алмай, орнымнан тұрып: “Уа, Расулалла! Әке-шешем сізге пида болсын! Олар кімдер?” – деп сұрадым. Ол (с.а.с.): “Олар – мал-дүниесі көп адамдар. Тек мал-мүлкін осылай, осылай және осылай – алдына да, артына да, оңына да, солына да – үлестіргендер бұған кірмейді. Алайда ондайлар өте аз. Түйе, сиыр не қой иесі сол малдарының зекетін бермесе, малдары Қиямет күні бұрын-соңды болмаған ең ірі әрі ең семіз күйінде келіп, оны мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен таптайды. Соңғысы өтіп болған сайын алғашқысы қайта келіп, оны таптауды жалғастырады. Бұл адамдар арасында үкім шығарылғанға дейін жалғаса береді”, – деді». (990/30)

507
Мүслим, № 507Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ ﷺ: «مَا مِنْ صَاحِبِ ذَهَبٍ وَلَا فِضَّةٍ لَا يُؤَدِّي مِنْهَا حَقَّهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ، صُفِّحَتْ لَهُ صَفَائِحُ مِنْ نَارٍ، فَأُحْمِيَ عَلَيْهَا فِي نَارِ جَهَنَّمَ، فَيُكْوَى بِهَا جَنْبُهُ وَجَبِينُهُ وَظَهْرُهُ، كُلَّمَا بَرَدَتْ أُعِيدَتْ لَهُ، فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرَى سَبِيلَهُ إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ وَإِمَّا إِلَى النَّارِ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالْإِبِلُ؟» قَالَ: «وَلَا صَاحِبُ إِبِلٍ لَا يُؤَدِّي مِنْهَا حَقَّهَا، وَمِنْ حَقِّهَا حَلَبُهَا يَوْمَ وِرْدِهَا، إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ، بُطِحَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ، أَوْفَرَ مَا كَانَتْ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا فَصِيلًا وَاحِدًا، تَطَؤُهُ بِأَخْفَافِهَا وَتَعَضُّهُ بِأَفْوَاهِهَا، كُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرَى سَبِيلَهُ إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ وَإِمَّا إِلَى النَّارِ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالْبَقَرُ وَالْغَنَمُ؟» قَالَ: «وَلَا صَاحِبُ بَقَرٍ وَلَا غَنَمٍ لَا يُؤَدِّي مِنْهَا حَقَّهَا إِلَّا إِذَا كَانَ يَوْمُ الْقِيَامَةِ بُطِحَ لَهَا بِقَاعٍ قَرْقَرٍ، لَا يَفْقِدُ مِنْهَا شَيْئًا، لَيْسَ فِيهَا عَقْصَاءُ وَلَا جَلْحَاءُ وَلَا عَضْبَاءُ، تَنْطَحُهُ بِقُرُونِهَا وَتَطَؤُهُ بِأَظْلَافِهَا، كُلَّمَا مَرَّ عَلَيْهِ أُولَاهَا رُدَّ عَلَيْهِ أُخْرَاهَا، فِي يَوْمٍ كَانَ مِقْدَارُهُ خَمْسِينَ أَلْفَ سَنَةٍ، حَتَّى يُقْضَى بَيْنَ الْعِبَادِ، فَيَرَى سَبِيلَهُ إِمَّا إِلَى الْجَنَّةِ وَإِمَّا إِلَى النَّارِ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالْخَيْلُ؟» قَالَ: «الْخَيْلُ ثَلَاثَةٌ: هِيَ لِرَجُلٍ وِزْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ سِتْرٌ، وَهِيَ لِرَجُلٍ أَجْرٌ. فَأَمَّا الَّتِي هِيَ لَهُ وِزْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا رِيَاءً وَفَخْرًا وَنِوَاءً عَلَى أَهْلِ الْإِسْلَامِ، فَهِيَ لَهُ وِزْرٌ. وَأَمَّا الَّتِي هِيَ لَهُ سِتْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ، ثُمَّ لَمْ يَنْسَ حَقَّ اللَّهِ فِي ظُهُورِهَا وَلَا رِقَابِهَا، فَهِيَ لَهُ سِتْرٌ. وَأَمَّا الَّتِي هِيَ لَهُ أَجْرٌ، فَرَجُلٌ رَبَطَهَا فِي سَبِيلِ اللَّهِ لِأَهْلِ الْإِسْلَامِ، فِي مَرْجٍ وَرَوْضَةٍ، فَمَا أَكَلَتْ مِنْ ذَلِكَ الْمَرْجِ أَوِ الرَّوْضَةِ مِنْ شَيْءٍ إِلَّا كُتِبَ لَهُ عَدَدَ مَا أَكَلَتْ حَسَنَاتٌ، وَكُتِبَ لَهُ عَدَدَ أَرْوَاثِهَا وَأَبْوَالِهَا حَسَنَاتٌ، وَلَا تَقْطَعُ طِوَلَهَا فَاسْتَنَّتْ شَرَفًا أَوْ شَرَفَيْنِ إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ آثَارِهَا وَأَرْوَاثِهَا حَسَنَاتٍ، وَلَا مَرَّ بِهَا صَاحِبُهَا عَلَى نَهْرٍ فَشَرِبَتْ مِنْهُ وَلَا يُرِيدُ أَنْ يَسْقِيَهَا إِلَّا كَتَبَ اللَّهُ لَهُ عَدَدَ مَا شَرِبَتْ حَسَنَاتٍ». قِيلَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، فَالْحُمُرُ؟» قَالَ: «مَا أُنْزِلَ عَلَيَّ فِي الْحُمُرِ شَيْءٌ، إِلَّا هَذِهِ الْآيَةُ الْفَاذَّةُ الْجَامِعَةُ: ﴿فَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ خَيْرًا يَرَهُ وَمَنْ يَعْمَلْ مِثْقَالَ ذَرَّةٍ شَرًّا يَرَهُ﴾ [الزَّلْزَلَةِ: 7–8]».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Алтыны не күмісі бола тұра, оның тиісті ақысын бермеген әрбір адам үшін Қиямет күні оттан жасалған жалпақ тақталар әзірленіп, Тозақ отында қыздырылады да, солармен оның бүйірі, маңдайы мен арқасы қарылып күйдіріледі. Олар салқындаған сайын қайтадан қыздырылады. Бұл – ұзақтығы елу мың жылға тең бір күн бойы, құлдардың арасында үкім шығарылғанға дейін жалғасады. Содан кейін ол Жәннатқа не Тозаққа апарар жолын көреді». Сонда: «Уа, Расулалла! Ал түйе ше?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Түйесі бола тұра, оның тиісті ақысын бермеген әрбір адам үшін де дәл солай. Түйені суатқа айдаған күні сауу да – оның хақтарының бірі. Қиямет күні әлгі адам теп-тегіс жазыққа жатқызылады. Түйелерінің бәрі ең көп болған кезіндегідей түгел әкелініп, тіпті бір ботасы да кем қалмайды. Олар оны табандарымен таптап, ауыздарымен тістейді. Алдыңғылары оның үстінен өтіп болған сайын, соңғылары қайтадан оған айдалып келеді. Бұл – ұзақтығы елу мың жылға тең бір күн бойы, құлдардың арасында үкім шығарылғанға дейін жалғасады. Содан кейін ол Жәннатқа не Тозаққа апарар жолын көреді», – деді. Сонда: «Уа, Расулалла! Ал сиыр мен қой ше?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Сиыры немесе қойы бола тұра, олардың тиісті ақысын бермеген әрбір адам үшін де дәл солай. Қиямет күні әлгі адам теп-тегіс жазыққа жатқызылады. Малдарының ешқайсысы кем қалмайды. Олардың арасында мүйізі қайырылғаны да, мүйізсізі де, мүйізі сынғаны да болмайды. Олар оны мүйіздерімен сүзіп, тұяқтарымен таптайды. Алдыңғылары оның үстінен өтіп болған сайын, соңғылары қайтадан оған айдалып келеді. Бұл – ұзақтығы елу мың жылға тең бір күн бойы, құлдардың арасында үкім шығарылғанға дейін жалғасады. Содан кейін ол Жәннатқа не Тозаққа апарар жолын көреді», – деді. Сонда: «Уа, Расулалла! Ал жылқы ше?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.) былай деді: «Жылқы үш түрлі болады: бір адам үшін күнә, бір адам үшін қорған, ал бір адам үшін сауап болады. Жұртқа көрсету, мақтану және мұсылмандарға қарсы дұшпандық жасау үшін жылқы ұстаған адамға ол күнә болады. Ал Алла жолында жылқы ұстап, оны мінуге және иеленуге байланысты Алланың хақысын ұмытпаған адамға ол қорған болады. Мұсылмандар үшін Алла жолында жайылым мен шалғында жылқы ұстаған адамға ол сауап болады. Жылқының сол жайылымнан немесе шалғыннан жеген әрбір нәрсесі үшін иесіне сауап жазылады. Оның әрбір тезегі мен зәрі үшін де сауап жазылады. Егер ол байлау жібін үзіп, бір немесе екі қыратқа дейін шауып кетсе, Алла оның басқан әрбір ізі мен тастаған әрбір тезегі үшін сауап жазады. Иесі оны өзеннің жанынан алып өтіп бара жатқанда, суаруды қаламаса да, жылқы одан су ішсе, Алла оған ішкен суының мөлшеріндей сауап жазады». Сонда: «Уа, Расулалла! Ал есектер ше?» – деп сұралды. Ол (с.а.с.): «Есектер туралы маған мына айрықша әрі бәрін қамтыған аяттан басқа ештеңе түсірілген жоқ: “Ендеше, кімде­-кім зәредей жақсылық жасаса, соның қарымын көреді. Ал кімде-кім зәредей жамандық жасаса, соның қарымын көреді” («Зілзала», 7–8-аяттар)», – деді. (987/24)

بَابٌ: فِي الْكَانِزِينَ وَالتَّغْلِيظِ عَلَيْهِمْ

7-бапДүние-мүлікті қор етіп жинағандар және оларға айтылған қатаң ескерту туралы

508
Мүслим, № 508

عَنِ الْأَحْنَفِ بْنِ قَيْسٍ، قَالَ: «كُنْتُ فِي نَفَرٍ مِنْ قُرَيْشٍ فَمَرَّ أَبُو ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ وَهُوَ يَقُولُ: “بَشِّرِ الْكَانِزِينَ بِكَيٍّ فِي ظُهُورِهِمْ يَخْرُجُ مِنْ جُنُوبِهِمْ، وَبِكَيٍّ مِنْ قِبَلِ أَقْفَائِهِمْ يَخْرُجُ مِنْ جِبَاهِهِمْ”. قَالَ: ثُمَّ تَنَحَّى فَقَعَدَ، قَالَ: قُلْتُ: “مَنْ هَذَا؟” قَالُوا: “هَذَا أَبُو ذَرٍّ”. قَالَ: فَقُمْتُ إِلَيْهِ فَقُلْتُ: “مَا شَيْءٌ سَمِعْتُكَ تَقُولُ قُبَيْلُ؟” قَالَ: “مَا قُلْتُ إِلَّا شَيْئًا قَدْ سَمِعْتُهُ مِنْ نَبِيِّهِمْ ﷺ”. قَالَ: قُلْتُ: “مَا تَقُولُ فِي هَذَا الْعَطَاءِ؟” قَالَ: “خُذْهُ؛ فَإِنَّ فِيهِ الْيَوْمَ مَعُونَةً، فَإِذَا كَانَ ثَمَنًا لِدِينِكَ فَدَعْهُ”».

Қазақша аудармасы

Ахнаф ибн Қайс былай деген: «Құрайыштан бір топ адамның арасында отырған едім. Сол кезде Әбу Зәрр (р.а.) жанымыздан өтіп бара жатып: “Мал-дүние жинаушыларды арқаларынан басылып, бүйірлерінен тесіп шығатын және желкелерінен басылып, маңдайларынан тесіп шығатын күйікпен сүйіншіле!” – деді. Содан кейін шетке шығып, отырды. Мен: “Бұл кім?” – деп сұрадым. Олар: “Бұл – Әбу Зәрр”, – деді. Мен орнымнан тұрып, оған бардым да: “Жаңа ғана айтқаның қандай сөз?” – деп сұрадым. Ол: “Мен олардың Пайғамбарынан (с.а.с.) естігенімді ғана айттым”, – деді. Мен: “Бұл берілетін үлес жайында не айтасың?” – деп сұрадым. Ол: “Ала бер. Өйткені бүгінде оның саған көмегі тиеді. Ал егер ол дініңнің құнына айналса, одан бас тарт”, – деді». (992/35)

بَابٌ: الْأَمْرُ بِإِرْضَاءِ الْمُصَدِّقِينَ

8-бапЗекет жинаушыларды разы ету жөніндегі бұйрық

509
Мүслим, № 509Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «جَاءَ نَاسٌ مِنَ الْأَعْرَابِ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالُوا: “إِنَّ نَاسًا مِنَ الْمُصَدِّقِينَ يَأْتُونَنَا فَيَظْلِمُونَنَا”. قَالَ: فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَرْضُوا مُصَدِّقِيكُمْ”». قَالَ جَرِيرٌ: «مَا صَدَرَ عَنِّي مُصَدِّقٌ مُنْذُ سَمِعْتُ هَذَا مِنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ إِلَّا وَهُوَ عَنِّي رَاضٍ».

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла (р.а.) былай деген: «Бірнеше бәдәуи Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Зекет жинаушылардың кейбірі бізге келіп, әділетсіздік жасайды”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Зекет жинаушыларыңды разы етіңдер”, – деді». Жәрир: «Алла Елшісінен (с.а.с.) осы сөзді естігеннен бері менен бірде-бір зекет жинаушы разы болмай кеткен емес», – деген. (989/29)

بَابٌ: الدُّعَاءُ لِمَنْ أَتَى بِصَدَقَتِهِ

9-бапЗекетін алып келген адам үшін дұға ету

510
Мүслим, № 510Риуаят етуші: Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ أَبِي أَوْفَى رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِذَا أَتَاهُ قَوْمٌ بِصَدَقَتِهِمْ قَالَ: “اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَيْهِمْ”. فَأَتَاهُ أَبِي أَبُو أَوْفَى بِصَدَقَتِهِ، فَقَالَ: “اللَّهُمَّ صَلِّ عَلَى آلِ أَبِي أَوْفَى”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Әбу Ауфа (р.а.) былай деді: «Бір қауым зекеттерін Алла Елшісіне (с.а.с.) әкелген кезде, ол: “Уа, Алла! Оларға рақым ете гөр!” – деп дұға ететін. Әкем Әбу Ауфа да зекетін әкелгенде, ол (с.а.с.): “Уа, Алла! Әбу Ауфа әулетіне рақым ете гөр!” – деді». (1078/176)

بَابٌ: إِعْطَاءُ مَنْ يُخَافُ عَلَى إِيمَانِهِ

10-бапИманына қауіп төнуі мүмкін адамға үлес беру

511
Мүслим, № 511

عَنْ سَعْدِ بْنِ أَبِي وَقَّاصٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَسْمًا، فَقُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَعْطِ فُلَانًا؛ فَإِنَّهُ مُؤْمِنٌ”. فَقَالَ النَّبِيُّ ﷺ: “أَوْ مُسْلِمٌ” أَقُولُهَا ثَلَاثًا، وَيُرَدِّدُهَا عَلَيَّ ثَلَاثًا: “أَوْ مُسْلِمٌ”. ثُمَّ قَالَ: “إِنِّي لَأُعْطِي الرَّجُلَ وَغَيْرُهُ أَحَبُّ إِلَيَّ مِنْهُ مَخَافَةَ أَنْ يَكُبَّهُ اللَّهُ فِي النَّارِ”».

Қазақша аудармасы

Сағд ибн Әбу Уаққас (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) дүние-мүлік үлестірді. Мен: “Уа, Расулалла! Пәленшеге де беріңіз. Өйткені ол – мүмін”, – дедім. Пайғамбар (с.а.с.): “Мұсылман десеңші”, – деді. Мен мұны үш рет қайталадым, ал ол (с.а.с.) маған үш рет: “Мұсылман десеңші”, – деп жауап берді. Содан кейін: “Расында, мен кейде бір адамға беремін, алайда басқа біреу маған одан да сүйікті болады. Мұны әлгі адамды Алла Тозаққа етпетінен тастай ма деп қауіптенгендіктен істеймін”, – деді». (150/236)

بَابٌ: إِعْطَاءُ الْمُؤَلَّفَةِ قُلُوبُهُمْ عَلَى الْإِسْلَامِ وَتَصَبُّرُ مَنْ قَوِيَ إِيمَانُهُ

11-бапЖүректерін Исламға жақындату көзделген адамдарға үлес беру және иманы берік жандардың сабыр сақтауы

512
Мүслим, № 512Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «لَمَّا كَانَ يَوْمُ حُنَيْنٍ أَقْبَلَتْ هَوَازِنُ وَغَطَفَانُ وَغَيْرُهُمْ بِذَرَارِيِّهِمْ وَنَعَمِهِمْ، وَمَعَ النَّبِيِّ ﷺ يَوْمَئِذٍ عَشَرَةُ آلَافٍ، وَمَعَهُ الطُّلَقَاءُ، فَأَدْبَرُوا عَنْهُ حَتَّى بَقِيَ وَحْدَهُ، قَالَ: فَنَادَى يَوْمَئِذٍ نِدَاءَيْنِ، لَمْ يَخْلِطْ بَيْنَهُمَا شَيْئًا، قَالَ: فَالْتَفَتَ عَنْ يَمِينِهِ، فَقَالَ: “يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ”. فَقَالُوا: “لَبَّيْكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَبْشِرْ، نَحْنُ مَعَكَ”. قَالَ: ثُمَّ اِلْتَفَتَ عَنْ يَسَارِهِ فَقَالَ: “يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ”. قَالُوا: “لَبَّيْكَ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَبْشِرْ، نَحْنُ مَعَكَ”. قَالَ: وَهُوَ عَلَى بَغْلَةٍ بَيْضَاءَ، فَنَزَلَ فَقَالَ: “أَنَا عَبْدُ اللَّهِ وَرَسُولُهُ”، فَانْهَزَمَ الْمُشْرِكُونَ، وَأَصَابَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ غَنَائِمَ كَثِيرَةً، فَقَسَمَ فِي الْمُهَاجِرِينَ وَالطُّلَقَاءِ، وَلَمْ يُعْطِ الْأَنْصَارَ شَيْئًا، فَقَالَتِ الْأَنْصَارُ: “إِذَا كَانَتِ الشِّدَّةُ فَنَحْنُ نُدْعَى، وَتُعْطَى الْغَنَائِمُ غَيْرَنَا”، فَبَلَغَهُ ذَلِكَ، فَجَمَعَهُمْ فِي قُبَّةٍ، فَقَالَ: “يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ، مَا حَدِيثٌ بَلَغَنِي عَنْكُمْ؟” فَسَكَتُوا، فَقَالَ: “يَا مَعْشَرَ الْأَنْصَارِ، أَمَا تَرْضَوْنَ أَنْ يَذْهَبَ النَّاسُ بِالدُّنْيَا وَتَذْهَبُونَ بِمُحَمَّدٍ تَحُوزُونَهُ إِلَى بُيُوتِكُمْ؟” قَالُوا: “بَلَى، يَا رَسُولَ اللَّهِ، رَضِينَا”. قَالَ: فَقَالَ: “لَوْ سَلَكَ النَّاسُ وَادِيًا وَسَلَكَتْ الْأَنْصَارُ شِعْبًا، لَأَخَذْتُ شِعْبَ الْأَنْصَارِ”». قَالَ هِشَامٌ (يَعْنِي ابْنَ زَيْدِ بْنِ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ): «فَقُلْتُ: “يَا أَبَا حَمْزَةَ، أَنْتَ شَاهِدٌ ذَاكَ؟” قَالَ: “وَأَيْنَ أَغِيبُ عَنْهُ؟”»

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Хунайн күні Һауазин, Ғатафан және басқа тайпалар бала-шағасын ертіп, малдарын айдап келді. Сол күні Пайғамбармен (с.а.с.) бірге он мың адам әрі Мекке алынған күні кешірілгендер де бар еді. Олар шегініп, оның қасынан бытырай қашты. Ақырында Пайғамбар (с.а.с.) жалғыз қалды. Сол күні ол арасына басқа сөз қоспай, екі рет үн қатты. Әуелі оң жағына бұрылып: “Уа, ансар қауымы!” – деді. Олар: “Алдыңдамыз, уа, Расулалла! Қуана беріңіз, біз сізбен біргеміз!” – деді. Содан кейін сол жағына бұрылып: “Уа, ансар қауымы!” – деді. Олар: “Алдыңдамыз, уа, Расулалла! Қуана беріңіз, біз сізбен біргеміз!” – деді. Ол сол кезде ақ қашырдың үстінде еді. Қашырынан түсіп: “Мен Алланың құлы әрі Оның Елшісімін”, – деді. Сонда мүшріктер жеңіліп, қаша жөнелді. Алла Елшісі (с.а.с.) мол олжаға ие болды. Оны мұһажирлер мен Мекке алынған күні кешірілгендерге бөліп беріп, ансарларға ештеңе бермеді. Сонда ансарлар: “Қиын-қыстау туса, біз шақырыламыз да, олжа бізден басқаларға беріледі”, – деді. Бұл сөз Алла Елшісіне (с.а.с.) жеткенде, оларды бір шатырға жинап: “Уа, ансар қауымы! Сендер айтты деп маған жеткен мынау қандай сөз?” – деп сұрады. Олар үндемеді. Сонда ол: “Уа, ансар қауымы! Адамдар дүниелік малды алып кетіп, ал сендер Мұхаммедті өздеріңмен бірге үйлеріңе алып қайтқандарыңа разы болмайсыңдар ма?” – деді. Олар: “Әрине, уа, Расулалла! Біз разымыз”, – деді. Сонда ол: “Егер адамдар бір аңғармен, ал ансарлар бір тау шатқалымен жүрсе, мен ансарлардың тау шатқалымен жүрер едім”, – деді». Һишам, яғни Зәйд ибн Әнәс ибн Мәликтің ұлы: «Мен: “Уа, Әбу Хамза! Өзің сол оқиғаның куәсі болдың ба?” – деп сұрадым. Ол: “Мен ол оқиғадан қалайша сырт қалмақпын?” – деді», – деген. (1059/135)

513
Мүслим, № 513Риуаят етуші: Рафиғ ибн Хадиж (р.а.)

عَنْ رَافِعِ بْنِ خَدِيجٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَعْطَى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَبَا سُفْيَانَ بْنَ حَرْبٍ وَصَفْوَانَ بْنَ أُمَيَّةَ وَعُيَيْنَةَ بْنَ حِصْنٍ وَالْأَقْرَعَ بْنَ حَابِسٍ، كُلَّ إِنْسَانٍ مِنْهُمْ مِائَةً مِنَ الْإِبِلِ، وَأَعْطَى عَبَّاسَ بْنَ مِرْدَاسٍ دُونَ ذَلِكَ، فَقَالَ عَبَّاسُ بْنُ مِرْدَاسٍ: “أَتَجْعَلُ نَهْبِي وَنَهْبَ الْعُبَيْدِ بَيْنَ عُيَيْنَةَ وَالْأَقْرَعِ؛ فَمَا كَانَ بَدْرٌ وَلَا حَابِسٌ يَفُوقَانِ مِرْدَاسَ فِي الْمَجْمَعِ؛ وَمَا كُنْتُ دُونَ امْرِئٍ مِنْهُمَا وَمَنْ تَخْفِضِ الْيَوْمَ لَا يُرْفَعِ”. قَالَ: فَأَتَمَّ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ مِائَةً».

Қазақша аудармасы

Рафиғ ибн Хадиж (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Суфиян ибн Харбқа, Сафуан ибн Умайяға, Уяйна ибн Хиснге және әл-Ақрағ ибн Хабиске – әрқайсысына жүз түйеден берді. Ал Аббас ибн Мирдасқа одан азырақ берді». Сонда Аббас ибн Мирдас: «Менің де, Убайд атты тұлпарымның да олжадағы үлесін Уяйна мен әл-Ақрағқа бөліп бердің бе? Бәдір де, Хабис те алқалы жиында Мирдастан асып түскен емес. Мен де бұл екеуінің ешбірінен кем емеспін. Бүгін кімді төмендетсең, ол енді көтерілмес», – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) оның үлесін жүз түйеге толықтырды. (1060/137)

514
Мүслим, № 514Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «بَعَثَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ مِنَ الْيَمَنِ بِذَهَبَةٍ فِي أَدِيمٍ مَقْرُوظٍ لَمْ تُحَصَّلْ مِنْ تُرَابِهَا، قَالَ: فَقَسَمَهَا بَيْنَ أَرْبَعَةِ نَفَرٍ: بَيْنَ عُيَيْنَةَ بْنِ حِصْنٍ، وَالْأَقْرَعِ بْنِ حَابِسٍ، وَزَيْدِ الْخَيْلِ، وَالرَّابِعُ إِمَّا عَلْقَمَةُ بْنُ عُلَاثَةَ، وَإِمَّا عَامِرُ بْنُ الطُّفَيْلِ، فَقَالَ رَجُلٌ مِنْ أَصْحَابِهِ: “كُنَّا نَحْنُ أَحَقَّ بِهَذَا مِنْ هَؤُلَاءِ”. قَالَ: فَبَلَغَ ذَلِكَ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: “أَلَا تَأْمَنُونِي وَأَنَا أَمِينُ مَنْ فِي السَّمَاءِ، يَأْتِينِي خَبَرُ السَّمَاءِ صَبَاحًا وَمَسَاءً؟” قَالَ: فَقَامَ رَجُلٌ غَائِرُ الْعَيْنَيْنِ، مُشْرِفُ الْوَجْنَتَيْنِ، نَاشِزُ الْجَبْهَةِ، كَثُّ اللِّحْيَةِ، مَحْلُوقُ الرَّأْسِ، مُشَمَّرُ الْإِزَارِ، فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، اتَّقِ اللَّهَ”. فَقَالَ: “وَيْلَكَ! أَوَلَسْتُ أَحَقَّ أَهْلِ الْأَرْضِ أَنْ يَتَّقِيَ اللَّهَ؟” قَالَ: ثُمَّ وَلَّى الرَّجُلُ، فَقَالَ خَالِدُ بْنُ الْوَلِيدِ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَلَا أَضْرِبُ عُنُقَهُ؟” فَقَالَ: “لَا، لَعَلَّهُ أَنْ يَكُونَ يُصَلِّي”. قَالَ خَالِدٌ: “وَكَمْ مِنْ مُصَلٍّ يَقُولُ بِلِسَانِهِ مَا لَيْسَ فِي قَلْبِهِ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنِّي لَمْ أُومَرْ أَنْ أَنْقُبَ عَنْ قُلُوبِ النَّاسِ وَلَا أَشُقَّ بُطُونَهُمْ”. قَالَ: ثُمَّ نَظَرَ إِلَيْهِ وَهُوَ مُقَفٍّ، فَقَالَ: “إِنَّهُ يَخْرُجُ مِنْ ضِئْضِئِ هَذَا قَوْمٌ يَتْلُونَ كِتَابَ اللَّهِ رَطْبًا لَا يُجَاوِزُ حَنَاجِرَهُمْ، يَمْرُقُونَ مِنَ الدِّينِ كَمَا يَمْرُقُ السَّهْمُ مِنَ الرَّمِيَّةِ”». قَالَ: أَظُنُّهُ قَالَ: «لَئِنْ أَدْرَكْتُهُمْ لَأَقْتُلَنَّهُمْ قَتْلَ ثَمُودَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деді: «Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Йеменнен Алла Елшісіне (с.а.с.) қараз өсімдігінің қабығымен иленген теріге салынған, топырағынан әлі ажыратылмаған бір кесек алтын жіберді. Ол (с.а.с.) алтынды төрт адамға бөліп берді: Уяйна ибн Хиснге, әл-Ақрағ ибн Хабиске, Зәйд әл-Хайлға және төртінші ретінде не Алқама ибн Ұласаға, не Амир ибн әт-Туфайлға берді. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бірі: “Бұл алтынға бұлардан гөрі біз лайықтырақ едік”, – деді. Бұл сөз Пайғамбарға (с.а.с.) жеткенде, ол: “Сендер маған сенбейсіңдер ме? Мен – көктегінің сенімді елшісімін. Маған көктің хабары таңертең де, кешке де келіп тұрады”, – деді. Сол кезде көзі шүңірек, бет сүйектері шығыңқы, маңдайы шығыңқы, сақалы қалың, шашы қырылған әрі изарын түріп алған бір адам орнынан тұрып: “Уа, Расулалла! Алладан қорық!” – деді. Ол (с.а.с.): “Құрығыр! Жер бетіндегілердің арасында Алладан қорқуға ең лайықтысы мен емеспін бе?” – деді. Содан кейін әлгі адам бұрылып, кетіп қалды. Халид ибн әл-Уәлид: “Уа, Расулалла! Оның басын шауып тастайын ба?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Жоқ, бәлкім, ол намаз оқитын шығар”, – деді. Халид: “Намаз оқып тұрып, жүрегінде жоқ нәрсені тілімен айтатындар қаншама!” – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Маған адамдардың жүректерін қазбалап тексеруге де, іштерін жарып қарауға да бұйрық берілген жоқ”, – деді. Содан кейін бұрылып, кетіп бара жатқан әлгі адамға қарап: “Осы адамның тегінен бір қауым шығады. Олар Алланың Кітабын жатық оқиды, бірақ оқығандары кеңірдектерінен әрі аспайды. Жебе атылған аңның денесін тесіп өткендей, олар да діннен шығып кетеді”, – деді». Риуаятшы: «Меніңше, ол тағы: “Егер мен оларға жолықсам, оларды Сәмуд қауымы қырылғандай қырып тастар едім”, – деген», – деп жеткізді. (1064/144)

بَابٌ: لَا تَحِلُّ الصَّدَقَةُ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَأَهْلِ بَيْتِهِ

12-бапАлла Елшісінің (с.а.с.) және оның отбасы мүшелерінің садақа алуына рұқсат етілмеуі

515
Мүслим, № 515Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَخَذَ الْحَسَنُ بْنُ عَلِيٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا تَمْرَةً مِنْ تَمْرِ الصَّدَقَةِ، فَجَعَلَهَا فِي فِيهِ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “كِخْ كِخْ، اِرْمِ بِهَا، أَمَا عَلِمْتَ أَنَّا لَا نَأْكُلُ الصَّدَقَةَ؟”»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Хасан ибн Әли (р.а.) садақа құрмаларының арасынан бір құрма алып, аузына салды. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Түкір, түкір! Оны таста! Бізге садақа жеуге болмайтынын білмейсің бе?” – деді». (1069/161)

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ اِسْتِعْمَالِ آلِ النَّبِيِّ ﷺ

13-бапПайғамбардың (с.а.с.) әулетінің мүшелерін зекет жинаушы етіп тағайындаудың ұнамсыз саналуы

516
Мүслим, № 516

عَنْ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ بْنِ رَبِيعَةَ بْنِ الْحَارِثِ، قَالَ: «اِجْتَمَعَ رَبِيعَةُ بْنُ الْحَارِثِ وَالْعَبَّاسُ بْنُ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ، فَقَالَا: “وَاللَّهِ لَوْ بَعَثْنَا هَذَيْنِ الْغُلَامَيْنِ” (قَالَا لِي وَلِلْفَضْلِ بْنِ عَبَّاسٍ) “إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَكَلَّمَاهُ، فَأَمَّرَهُمَا عَلَى هَذِهِ الصَّدَقَاتِ، فَأَدَّيَا مَا يُؤَدِّي النَّاسُ، وَأَصَابَا مِمَّا يُصِيبُ النَّاسُ”. قَالَ: فَبَيْنَمَا هُمَا فِي ذَلِكَ جَاءَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ فَوَقَفَ عَلَيْهِمَا، فَذَكَرَا لَهُ ذَلِكَ، فَقَالَ عَلِيُّ بْنُ أَبِي طَالِبٍ: “لَا تَفْعَلَا، فَوَاللَّهِ مَا هُوَ بِفَاعِلٍ”، فَانْتَحَاهُ رَبِيعَةُ بْنُ الْحَارِثِ فَقَالَ: “وَاللَّهِ مَا تَصْنَعُ هَذَا إِلَّا نَفَاسَةً مِنْكَ عَلَيْنَا، فَوَاللَّهِ لَقَدْ نِلْتَ صِهْرَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَمَا نَفِسْنَاهُ عَلَيْكَ”. قَالَ عَلِيٌّ: “أَرْسِلُوهُمَا”، فَانْطَلَقَا، وَاضْطَجَعَ عَلِيٌّ، قَالَ: فَلَمَّا صَلَّى رَسُولُ اللَّهِ ﷺ الظُّهْرَ سَبَقْنَاهُ إِلَى الْحُجْرَةِ، فَقُمْنَا عِنْدَهَا حَتَّى جَاءَ فَأَخَذَ بِآذَانِنَا، ثُمَّ قَالَ: “أَخْرِجَا مَا تُصَرِّرَانِ”. ثُمَّ دَخَلَ وَدَخَلْنَا عَلَيْهِ، وَهُوَ يَوْمَئِذٍ عِنْدَ زَيْنَبَ بِنْتِ جَحْشٍ، قَالَ: فَتَوَاكَلْنَا الْكَلَامَ، ثُمَّ تَكَلَّمَ أَحَدُنَا فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَنْتَ أَبَرُّ النَّاسِ وَأَوْصَلُ النَّاسِ، وَقَدْ بَلَغْنَا النِّكَاحَ، فَجِئْنَا لِتُؤَمِّرَنَا عَلَى بَعْضِ هَذِهِ الصَّدَقَاتِ، فَنُؤَدِّيَ إِلَيْكَ كَمَا يُؤَدِّي النَّاسُ، وَنُصِيبَ كَمَا يُصِيبُونَ”. قَالَ: فَسَكَتَ طَوِيلًا حَتَّى أَرَدْنَا أَنْ نُكَلِّمَهُ، قَالَ: وَجَعَلَتْ زَيْنَبُ تُلْمِعُ عَلَيْنَا مِنْ وَرَاءِ الْحِجَابِ أَنْ لَا تُكَلِّمَاهُ، قَالَ: ثُمَّ قَالَ: “إِنَّ الصَّدَقَةَ لَا تَنْبَغِي لِآلِ مُحَمَّدٍ؛ إِنَّمَا هِيَ أَوْسَاخُ النَّاسِ. اُدْعُوَا لِي مَحْمِيَةَ” (وَكَانَ عَلَى الْخُمُسِ) “وَنَوْفَلَ بْنَ الْحَارِثِ بْنِ عَبْدِ الْمُطَّلِبِ”. قَالَ: فَجَاءَاهُ، فَقَالَ لِمَحْمِيَةَ: “أَنْكِحْ هَذَا الْغُلَامَ ابْنَتَكَ” (لِلْفَضْلِ بْنِ عَبَّاسٍ)، فَأَنْكَحَهُ، وَقَالَ لِنَوْفَلِ بْنِ الْحَارِثِ: “أَنْكِحْ هَذَا الْغُلَامَ ابْنَتَكَ” (لِي) فَأَنْكَحَنِي وَقَالَ لِمَحْمِيَةَ: “أَصْدِقْ عَنْهُمَا مِنَ الْخُمُسِ كَذَا وَكَذَا”». قَالَ الزُّهْرِيُّ: «وَلَمْ يُسَمِّهِ لِي».

Қазақша аудармасы

Абдулмутталиб ибн Рабиға ибн әл-Харис былай баяндаған: «Рабиға ибн әл-Харис пен Аббас ибн Абдулмутталиб бас қосып: “Алланың атымен ант етеміз, мына екі жігітті Алла Елшісіне (с.а.с.) жіберсек қой!” – деді. Олар мені және Фадл ибн Аббасты меңзеген еді. Содан кейін: “Екеуі Алла Елшісімен (с.а.с.) сөйлесіп, ол (с.а.с.) оларды осы зекеттің бір бөлігін жинауға жауапты етіп тағайындаса, екеуі де жұрт атқаратын міндетті атқарып, жұрт алатын үлесті алар еді”, – десті. Олар осыны талқылап жатқанда, Әли ибн Әбу Талиб келіп, қастарына тоқтады. Екеуі оған мән-жайды айтты. Сонда Әли ибн Әбу Талиб: “Бұлай істемеңдер! Алланың атымен ант етемін, ол мұны істемейді”, – деді. Рабиға ибн әл-Харис оған бұрылып: “Алланың атымен ант етемін, сен мұны бізді қызғанғаныңнан ғана айтып тұрсың. Алланың атымен ант етемін, сен Алла Елшісіне (с.а.с.) күйеу бала болу мәртебесіне ие болдың, бірақ біз оны саған қызғанған жоқпыз”, – деді. Сонда Әли: “Екеуін жібере беріңдер”, – деді. Біз жолға шықтық, ал Әли жатып қалды. Алла Елшісі (с.а.с.) бесін намазын оқығаннан кейін, біз оның бөлмесіне өзінен бұрын жетіп, есігінің алдында тұрдық. Ол келгенде екеуіміздің құлағымыздан ұстап: “Көңілдеріңе түйіп жүргендеріңді айтыңдар”, – деді. Содан кейін ол ішке кірді, біз де соңынан кірдік. Сол күні ол Зәйнаб бинт Жахштың үйінде еді. Әрқайсымыз сөз бастауды екіншімізге ысыра бердік. Ақырында біріміз: “Уа, Расулалла! Сіз – адамдардың ең ізгісі әрі туыстық байланысты ең берік сақтайтын жансыз. Біз үйленетін жасқа жеттік. Осы садақалардың бір бөлігіне бізді жауапты етіп тағайындауыңызды сұрап келдік. Сонда біз де жұрт сияқты сізге зекетті өткізіп, олар алатын үлесті алар едік”, – деді. Ол ұзақ уақыт үнсіз қалды. Тіпті біз онымен қайта сөйлесуге оқталдық. Сол кезде Зәйнаб перденің ар жағынан бізге онымен сөйлеспеңдер деп ымдай бастады. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): “Расында, садақа Мұхаммедтің әулетіне лайық емес. Өйткені ол – адамдардың кірі. Маған Махмияны шақырыңдар”, – деді. Махмия олжаның бестен бір үлесіне жауапты еді. Сондай-ақ: “Науфал ибн әл-Харис ибн Абдулмутталибті де шақырыңдар”, – деді. Екеуі оның алдына келді. Сонда ол Махмияға Фадл ибн Аббасты меңзеп: “Мына жігітке қызыңды ұзат”, – деді. Махмия қызын оған ұзатты. Одан кейін Науфал ибн әл-Хариске мені меңзеп: “Мына жігітке қызыңды ұзат”, – деді. Ол қызын маған ұзатты. Содан соң Махмияға: “Екеуінің атынан олжаның бестен бір үлесінен осынша және осынша мөлшерде мәһр бер”, – деді». Әз-Зуһри: «Ол маған оның мөлшерін нақты айтпады», – деген. (1072/167)

بَابٌ: إِبَاحَةُ مَا أُهْدِيَ مِنَ الصَّدَقَةِ لِآلِ النَّبِيِّ ﷺ

14-бапӨзге адамға садақа ретінде берілген нәрсені Пайғамбардың (с.а.с.) әулетінің сыйлық ретінде алуына рұқсат етілуі

517
Мүслим, № 517Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَهْدَتْ بَرِيرَةُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ لَحْمًا تُصُدِّقَ بِهِ عَلَيْهَا، فَقَالَ: “هُوَ لَهَا صَدَقَةٌ وَلَنَا هَدِيَّةٌ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Бәрира Пайғамбарға (с.а.с.) өзіне садақа ретінде берілген еттен сыйлады. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл оған – садақа, ал бізге – сыйлық”, – деді». (1074/170)

518
Мүслим, № 518Риуаят етуші: Үммі Атия (р.а.)

عَنْ أُمِّ عَطِيَّةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: «بَعَثَ إِلَيَّ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ بِشَاةٍ مِنَ الصَّدَقَةِ، فَبَعَثْتُ إِلَى عَائِشَةَ مِنْهَا بِشَيْءٍ، فَلَمَّا جَاءَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ إِلَى عَائِشَةَ قَالَ: “هَلْ عِنْدَكُمْ شَيْءٌ؟” قَالَتْ: “لَا، إِلَّا أَنَّ نُسَيْبَةَ بَعَثَتْ إِلَيْنَا مِنَ الشَّاةِ الَّتِي بَعَثْتُمْ بِهَا إِلَيْهَا”. قَالَ: “إِنَّهَا قَدْ بَلَغَتْ مَحِلَّهَا”».

Қазақша аудармасы

Үммі Атия (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) маған садақадан бір қой жіберді. Мен одан Айшаға біраз бөлігін жібердім. Алла Елшісі (с.а.с.) Айшаға келгенде: “Сендерде жейтін бір нәрсе бар ма?” – деп сұрады. Ол: “Жоқ, тек Нусәйба өзіңіз оған жіберген қойдың біраз бөлігін бізге жіберді”, – деді. Сонда ол (с.а.с.): “Ол тиісті орнына жетті”, – деді». (1076/174)

بَابٌ: قَبُولُ النَّبِيِّ ﷺ الْهَدِيَّةَ وَرَدُّ الصَّدَقَةِ

15-бапПайғамбардың (с.а.с.) сыйлықты қабылдап, садақаны кері қайтаруы

519
Мүслим, № 519Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «إِنَّ النَّبِيَّ ﷺ كَانَ إِذَا أُتِيَ بِطَعَامٍ سَأَلَ عَنْهُ، فَإِنْ قِيلَ: “هَدِيَّةٌ” أَكَلَ مِنْهَا، وَإِنْ قِيلَ: “صَدَقَةٌ” لَمْ يَأْكُلْ مِنْهَا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбарға (с.а.с.) тамақ әкелінсе, ол оның не екенін сұрайтын. «Сыйлық», – делінсе, одан жейтін, ал «Садақа», – делінсе, жемейтін. (1077/175)

بَابٌ: فِي زَكَاةِ الْفِطْرِ عَلَى الْمُسْلِمِينَ مِنَ التَّمْرِ وَالشَّعِيرِ

16-бапМұсылмандардың құрма мен арпадан пітір садақасын беруінің міндеттілігі туралы

520
Мүслим, № 520Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَرَضَ زَكَاةَ الْفِطْرِ مِنْ رَمَضَانَ عَلَى النَّاسِ، صَاعًا مِنْ تَمْرٍ أَوْ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ عَلَى كُلِّ حُرٍّ أَوْ عَبْدٍ، ذَكَرٍ أَوْ أُنْثَى مِنَ الْمُسْلِمِينَ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) Рамазан айының пітір зекетін мұсылмандардың әрбір азат адамына да, құлына да, еріне де, әйеліне де бір сағ құрма немесе бір сағ арпа мөлшерінде парыз еткен. (984/12)

بَابٌ: زَكَاةُ الْفِطْرِ مِنَ الطَّعَامِ وَالْأَقِطِ وَالزَّبِيبِ

17-бапПітір садақасын азық-түліктен, құрттан және мейізден беру

521
Мүслим, № 521Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنَّا نُخْرِجُ إِذْ كَانَ فِينَا رَسُولُ اللَّهِ ﷺ زَكَاةَ الْفِطْرِ، عَنْ كُلِّ صَغِيرٍ وَكَبِيرٍ، حُرٍّ أَوْ مَمْلُوكٍ، صَاعًا مِنْ طَعَامٍ أَوْ صَاعًا مِنْ أَقِطٍ أَوْ صَاعًا مِنْ شَعِيرٍ أَوْ صَاعًا مِنْ تَمْرٍ أَوْ صَاعًا مِنْ زَبِيبٍ. فَلَمْ نَزَلْ نُخْرِجُهُ حَتَّى قَدِمَ عَلَيْنَا مُعَاوِيَةُ بْنُ أَبِي سُفْيَانَ حَاجًّا أَوْ مُعْتَمِرًا، فَكَلَّمَ النَّاسَ عَلَى الْمِنْبَرِ، فَكَانَ فِيمَا كَلَّمَ بِهِ النَّاسَ أَنْ قَالَ: “إِنِّي أَرَى أَنَّ مُدَّيْنِ مِنْ سَمْرَاءِ الشَّامِ تَعْدِلُ صَاعًا مِنْ تَمْرٍ”. فَأَخَذَ النَّاسُ بِذَلِكَ». قَالَ أَبُو سَعِيدٍ: «فَأَمَّا أَنَا فَلَا أَزَالُ أُخْرِجُهُ كَمَا كُنْتُ أُخْرِجُهُ أَبَدًا مَا عِشْتُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худри (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) арамызда болған кезде біз әрбір бала мен ересектің, азат адам мен құлдың атынан пітір зекетін бір сағ азық, не бір сағ құрт, не бір сағ арпа, не бір сағ құрма, не бір сағ мейіз мөлшерінде беретінбіз. Мұғауия ибн Әбу Суфиян қажылық не ұмра сапарымен бізге келгенше осылай беріп жүрдік. Ол мінберге көтеріліп, адамдарға сөз сөйледі. Сөз арасында: “Меніңше, Шамның қоңыр бидайынан екі мүд бір сағ құрмаға тең”, – деді. Содан кейін адамдар осыны ұстанды». Әбу Сағид: «Ал мен көзім тірісінде оны бұрын қалай берсем, солай бере беремін», – деген. (985/18)

بَابٌ: الْأَمْرُ بِإِخْرَاجِ زَكَاةِ الْفِطْرِ قَبْلَ الصَّلَاةِ

18-бапПітір садақасын айт намазынан бұрын беру жөніндегі бұйрық

522
Мүслим, № 522Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَمَرَ بِزَكَاةِ الْفِطْرِ أَنْ تُؤَدَّى قَبْلَ خُرُوجِ النَّاسِ إِلَى الصَّلَاةِ.

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) пітір зекетін адамдар айт намазына шықпай тұрып беруді бұйырған. (986/22)

بَابٌ: فِي التَّرْغِيبِ فِي الصَّدَقَةِ

19-бапСадақа беруге ынталандыру туралы

523
Мүслим, № 523Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «مَا يَسُرُّنِي أَنَّ لِي أُحُدًا ذَهَبًا، تَأْتِي عَلَيَّ ثَالِثَةٌ وَعِنْدِي مِنْهُ دِينَارٌ، إِلَّا دِينَارًا أَرْصُدُهُ لِدَيْنٍ عَلَيَّ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Пайғамбар (с.а.с.): «Ұхұд тауындай алтыным болса, қарызымды өтеуге сақтап қойған бір динардан өзге бір динардың болса да үшінші түнге дейін қолымда қалғаны мені қуантпас еді», – деген. (991/31)

524
Мүслим, № 524Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، عَنْ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ أَنَّهُ قَالَ: «يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ، تَصَدَّقْنَ وَأَكْثِرْنَ الِاسْتِغْفَارَ، فَإِنِّي رَأَيْتُكُنَّ أَكْثَرَ أَهْلِ النَّارِ». فَقَالَتِ امْرَأَةٌ مِنْهُنَّ جَزْلَةٌ: «وَمَا لَنَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَكْثَرُ أَهْلِ النَّارِ؟» قَالَ: «تُكْثِرْنَ اللَّعْنَ وَتَكْفُرْنَ الْعَشِيرَ، وَمَا رَأَيْتُ مِنْ نَاقِصَاتِ عَقْلٍ وَدِينٍ أَغْلَبَ لِذِي لُبٍّ مِنْكُنَّ». قَالَتْ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، وَمَا نُقْصَانُ الْعَقْلِ وَالدِّينِ؟» قَالَ: «أَمَّا نُقْصَانُ الْعَقْلِ فَشَهَادَةُ امْرَأَتَيْنِ تَعْدِلُ شَهَادَةَ رَجُلٍ، فَهَذَا نُقْصَانُ الْعَقْلِ. وَتَمْكُثُ اللَّيَالِيَ مَا تُصَلِّي، وَتُفْطِرُ فِي رَمَضَانَ، فَهَذَا نُقْصَانُ الدِّينِ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, әйелдер қауымы! Садақа беріңдер әрі Алладан кешірім тілеуді көбейтіңдер. Өйткені мен сендердің Тозақ тұрғындарының басым бөлігін құрайтындарыңды көрдім», – деді. Сонда олардың арасындағы зерек бір әйел: «Уа, Расулалла! Неліктен біз Тозақ тұрғындарының басым бөлігін құраймыз?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Сендер көп қарғайсыңдар әрі күйеулеріңнің жақсылығын мойындамайсыңдар. Ақылы мен діні кем бола тұра, ақыл иесінің өзін сендердей баурап алатын ешкімді көрмедім», – деді. Әйел: «Уа, Расулалла! Ақыл мен діннің кемдігі деген не?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Ақылдың кемдігіне келсек, екі әйелдің куәлігі бір ер адамның куәлігіне тең. Міне, осы – ақылдың кемдігі. Сондай-ақ бірнеше түн бойы намаз оқымайсыңдар әрі Рамазанда ораза ұстамайсыңдар. Міне, осы – діннің кемдігі», – деді. (79/132)

بَابٌ: فِي الْحَثِّ عَلَى النَّفَقَةِ

20-бапҚаражат жұмсауға үндеу туралы

525
Мүслим, № 525Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، يَبْلُغُ بِهِ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «قَالَ اللَّهُ تَبَارَكَ وَتَعَالَى: “يَا ابْنَ آدَمَ، أَنْفِقْ أُنْفِقْ عَلَيْكَ”». وَقَالَ: «يَمِينُ اللَّهِ مَلْأَى» (وَقَالَ ابْنُ نُمَيْرٍ: «مَلْآنُ») «سَحَّاءُ لَا يَغِيضُهَا شَيْءٌ اللَّيْلَ وَالنَّهَارَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Аса Берекелі әрі Ұлы Алла: “Уа, Адам баласы! Мал-дүниеңді жұмса, Мен де саған жұмсаймын”, – деді», – деген. Сондай-ақ: «Алланың оң қолы толы (Ибн Нумәйрдің риуаятында “مَلْآنُ” делінген). Ол күндіз-түні ағыл-тегіл береді, алайда одан еш нәрсе кемімейді», – деген. (993/36)

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي الصَّدَقَةِ قَبْلَ أَنْ لَا يُوجَدَ مَنْ يَقْبَلُهَا

21-бапСадақаны қабылдайтын адам табылмайтын кез келмей тұрып, садақа беруге ынталандыру

526
Мүслим, № 526

عَنْ حَارِثَةَ بْنِ وَهْبٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “تَصَدَّقُوا، فَيُوشِكُ الرَّجُلُ يَمْشِي بِصَدَقَتِهِ، فَيَقُولُ الَّذِي أُعْطِيَهَا: ‘لَوْ جِئْتَنَا بِهَا بِالْأَمْسِ قَبِلْتُهَا، فَأَمَّا الْآنَ فَلَا حَاجَةَ لِي بِهَا’، فَلَا يَجِدُ مَنْ يَقْبَلُهَا”».

Қазақша аудармасы

Хариса ибн Уәһб (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін естіген: «Садақа беріңдер! Өйткені көп ұзамай адам садақасын алып, оны беретін кісі іздеп жүреді. Сонда садақа ұсынылған кісі: “Мұны кеше әкелгеніңде қабыл алар едім, ал бүгін оған мұқтаж емеспін”, – дейді. Сөйтіп, ол садақасын қабылдайтын ешкімді таба алмайды». (1011/58)

527
Мүслим, № 527Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «تَقِيءُ الْأَرْضُ أَفْلَاذَ كَبِدِهَا أَمْثَالَ الْأُسْطُوَانِ مِنَ الذَّهَبِ وَالْفِضَّةِ، فَيَجِيءُ الْقَاتِلُ فَيَقُولُ: “فِي هَذَا قَتَلْتُ”، وَيَجِيءُ الْقَاطِعُ فَيَقُولُ: “فِي هَذَا قَطَعْتُ رَحِمِي”، وَيَجِيءُ السَّارِقُ فَيَقُولُ: “فِي هَذَا قُطِعَتْ يَدِي”. ثُمَّ يَدَعُونَهُ فَلَا يَأْخُذُونَ مِنْهُ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Жер өз қойнауындағы бағаналардай алтын-күміс кесектерін сыртқа шығарады. Сонда кісі өлтірген адам келіп: “Мен осы үшін кісі өлтірдім”, – дейді. Туыстық қатынасын үзген адам келіп: “Мен осы үшін туыстық байланысымды үздім”, – дейді. Ұры келіп: “Менің қолым осы үшін кесілді”, – дейді. Содан кейін олар оны тастап кетіп, одан ештеңе алмайды». (1013/62)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ عَلَى الزَّوْجِ وَالْوَلَدِ

22-бапКүйеуіне және баласына садақа беру

528
Мүслим, № 528

عَنْ زَيْنَبَ امْرَأَةِ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: «قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “تَصَدَّقْنَ، يَا مَعْشَرَ النِّسَاءِ، وَلَوْ مِنْ حُلِيِّكُنَّ”». قَالَتْ: «فَرَجَعْتُ إِلَى عَبْدِ اللَّهِ فَقُلْتُ: “إِنَّكَ رَجُلٌ خَفِيفُ ذَاتِ الْيَدِ، وَإِنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَدْ أَمَرَنَا بِالصَّدَقَةِ، فَأْتِهِ فَاسْأَلْهُ، فَإِنْ كَانَ ذَلِكَ يَجْزِي عَنِّي وَإِلَّا صَرَفْتُهَا إِلَى غَيْرِكُمْ”». قَالَتْ: «فَقَالَ لِي عَبْدُ اللَّهِ: “بَلِ اِئْتِيهِ أَنْتِ”». قَالَتْ: «فَانْطَلَقْتُ، فَإِذَا امْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ بِبَابِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ حَاجَتِي حَاجَتُهَا». قَالَتْ: «وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ قَدْ أُلْقِيَتْ عَلَيْهِ الْمَهَابَةُ». قَالَتْ: «فَخَرَجَ عَلَيْنَا بِلَالٌ فَقُلْنَا لَهُ: “اِئْتِ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَخْبِرْهُ أَنَّ امْرَأَتَيْنِ بِالْبَابِ تَسْأَلَانِكَ: أَتُجْزِئُ الصَّدَقَةُ عَنْهُمَا عَلَى أَزْوَاجِهِمَا وَعَلَى أَيْتَامٍ فِي حُجُورِهِمَا؟ وَلَا تُخْبِرْهُ مَنْ نَحْنُ”». قَالَتْ: «فَدَخَلَ بِلَالٌ عَلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَسَأَلَهُ، فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ هُمَا؟” فَقَالَ: “امْرَأَةٌ مِنَ الْأَنْصَارِ وَزَيْنَبُ”. فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “أَيُّ الزَّيَانِبِ؟” قَالَ: “امْرَأَةُ عَبْدِ اللَّهِ”. فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “لَهُمَا أَجْرَانِ: أَجْرُ الْقَرَابَةِ وَأَجْرُ الصَّدَقَةِ”».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Масғудтың жұбайы Зәйнаб (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, әйелдер қауымы! Әшекейлеріңнен болса да садақа беріңдер”, – деді. Мен Абдулланың қасына қайтып барып: “Сен дәулеті аз адамсың. Алла Елшісі (с.а.с.) бізге садақа беруді бұйырды. Оның алдына барып, сендерге берген садақам міндетімді өтеуге жарай ма, соны сұра. Егер жарамаса, оны сендерден басқа адамдарға беремін”, – дедім. Абдулла маған: “Оның алдына өзің бар”, – деді. Мен жолға шығып, Алла Елшісінің (с.а.с.) есігінің алдында тұрған ансарлық бір әйелді көрдім. Оның да сұрағы менікіндей екен. Алла Елшісінің (с.а.с.) айбары басым еді. Сол кезде алдымызға Біләл шықты. Біз оған: “Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына кіріп, есік алдында тұрған екі әйелдің өз күйеулері мен қамқорлығындағы жетімдерге берген садақалары міндеттерін өтеуге жарай ма деп сұрап тұрғанын айт. Бірақ біздің кім екенімізді айтпа”, – дедік. Біләл Алла Елшісінің (с.а.с.) алдына кіріп, одан сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): “Ол екеуі кім?” – деді. Біләл: “Ансарлық бір әйел мен Зәйнаб”, – деді. Алла Елшісі (с.а.с.): “Зәйнабтардың қайсысы?” – деп сұрады. Ол: “Абдулланың әйелі”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Олардың әрқайсысына екі сауап бар: туыстықты сақтаудың сауабы мен садақа сауабы”, – деді». (1000/45)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ عَلَى الْأَقْرَبِينَ

23-бапЖақын туыстарға садақа беру

529
Мүслим, № 529Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كَانَ أَبُو طَلْحَةَ أَكْثَرَ أَنْصَارِيٍّ بِالْمَدِينَةِ مَالًا، وَكَانَ أَحَبُّ أَمْوَالِهِ إِلَيْهِ بَيْرَحَى، وَكَانَتْ مُسْتَقْبِلَةَ الْمَسْجِدِ، وَكَانَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ يَدْخُلُهَا وَيَشْرَبُ مِنْ مَاءٍ فِيهَا طَيِّبٍ». قَالَ أَنَسٌ: «فَلَمَّا نَزَلَتْ هَذِهِ الْآيَةُ: ﴿لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 92] قَامَ أَبُو طَلْحَةَ إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فَقَالَ: “إِنَّ اللَّهَ يَقُولُ فِي كِتَابِهِ: ﴿لَنْ تَنَالُوا الْبِرَّ حَتَّى تُنْفِقُوا مِمَّا تُحِبُّونَ﴾ [آلِ عِمْرَانَ: 92]، وَإِنَّ أَحَبَّ أَمْوَالِي إِلَيَّ بَيْرَحَى، وَإِنَّهَا صَدَقَةٌ لِلَّهِ، أَرْجُو بِرَّهَا وَذُخْرَهَا عِنْدَ اللَّهِ، فَضَعْهَا، يَا رَسُولَ اللَّهِ، حَيْثُ شِئْتَ”. قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “بَخْ، ذَلِكَ مَالٌ رَابِحٌ، ذَلِكَ مَالٌ رَابِحٌ، قَدْ سَمِعْتُ مَا قُلْتَ فِيهَا، وَإِنِّي أَرَى أَنْ تَجْعَلَهَا فِي الْأَقْرَبِينَ”. فَقَسَمَهَا أَبُو طَلْحَةَ فِي أَقَارِبِهِ وَبَنِي عَمِّهِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәликтің (р.а.) айтуынша, Әбу Талха Мәдинадағы ансарлардың ішіндегі ең дәулеттісі еді. Оның дүние-мүлкінің ішіндегі ең сүйіктісі Бәйруха бағы еді. Ол мешітке қарама-қарсы орналасқан еді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған кіріп, ондағы дәмді судан ішетін. Әнәс (р.а.): «Мына аят түскенде: “Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар” («Әли Имран», 92), Әбу Талха Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Алла Өз Кітабында: ‘Жақсы көрген дүниелеріңнен Алла жолында жұмсамайынша, ізгілікке жете алмайсыңдар’ («Әли Имран», 92), – дейді. Менің дүние-мүлкімнің ішіндегі ең сүйіктісі – Бәйруха. Енді ол – Алла жолына берілген садақа. Мен одан келер игілік пен Алланың құзырында сақталатын сауапты үміт етемін. Уа, Алла Елшісі! Оны қалаған жеріңізге жұмсаңыз”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Бәрекелді! Бұл – пайдасы мол дүние! Бұл – пайдасы мол дүние! Ол туралы айтқаныңды естідім. Меніңше, оны жақын туыстарыңа бергенің жөн”, – деді. Содан кейін Әбу Талха оны туыстары мен әкесі жағынан немере ағайындарына бөліп берді», – деген. (998/42)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ عَلَى الْأَخْوَالِ

24-бапНағашыларға садақа беру

530
Мүслим, № 530

عَنْ مَيْمُونَةَ بِنْتِ الْحَارِثِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّهَا أَعْتَقَتْ وَلِيدَةً فِي زَمَانِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَذَكَرَتْ ذَلِكَ لِرَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ: «لَوْ أَعْطَيْتِهَا أَخْوَالَكِ، كَانَ أَعْظَمَ لِأَجْرِكِ».

Қазақша аудармасы

Мәймуна бинт әл-Харистің (р.а.) жеткізуінше, ол Алла Елшісінің (с.а.с.) заманында бір күңін азат етіп, бұл туралы Алла Елшісіне (с.а.с.) айтқан. Сонда ол (с.а.с.): «Егер сол күңді нағашыларыңа бергеніңде, сауабың әлдеқайда мол болар еді», – деген. (999/44)

بَابٌ: صِلَةُ الْأُمِّ الْمُشْرِكَةِ

25-бапАллаға серік қосатын анасымен туыстық байланысты сақтау

531
Мүслим, № 531Риуаят етуші: Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.)

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَتْ: «قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أُمِّي قَدِمَتْ عَلَيَّ وَهِيَ رَاغِبَةٌ، أَوْ رَاهِبَةٌ، أَفَأَصِلُهَا؟” قَالَ: “نَعَمْ”».

Қазақша аудармасы

Әсма бинт Әбу Бәкір (р.а.) былай деді: «Мен: “Уа, Расулалла! Анам маған әлденеден үміттеніп пе, әлде қауіптеніп пе келді. Онымен туыстық қатынасымды жалғастыра берейін бе?” – деп сұрадым. Ол: “Иә”, – деді». (1003/49)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ عَنِ الْأُمِّ الْمَيِّتَةِ

26-бапҚайтыс болған анасының атынан садақа беру

532
Мүслим, № 532Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ فَقَالَ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، إِنَّ أُمِّيَ افْتُلِتَتْ نَفْسُهَا وَلَمْ تُوصِ، وَأَظُنُّهَا لَوْ تَكَلَّمَتْ تَصَدَّقَتْ، أَفَلَهَا أَجْرٌ إِنْ تَصَدَّقْتُ عَنْهَا؟» قَالَ: «نَعَمْ».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) айтуынша, бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Расулалла! Анам кенеттен қайтыс болып, өсиет қалдырмады. Меніңше, сөйлеуге мүмкіндігі болғанда, садақа берер еді. Егер мен оның атынан садақа берсем, сауабы оған тие ме?» – деп сұрады. Ол: «Иә», – деді. (1004/51)

بَابٌ: الْحَثُّ عَلَى الصَّدَقَةِ عَلَى ذَوِي الْحَاجَةِ، وَأَجْرُ مَنْ سَنَّ فِيهَا سُنَّةً حَسَنَةً

27-бапМұқтаждарға садақа беруге үндеу және осы игі іске бастамашы болған адамның алатын сауабы

533
Мүслим, № 533Риуаят етуші: Жәрир ибн Абдулла (р.а.)

عَنْ جَرِيرِ بْنِ عَبْدِ اللَّهِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، قَالَ: «كُنَّا عِنْدَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ فِي صَدْرِ النَّهَارِ». قَالَ: «فَجَاءَهُ قَوْمٌ حُفَاةٌ عُرَاةٌ مُجْتَابِي النِّمَارِ أَوِ الْعَبَاءِ، مُتَقَلِّدِي السُّيُوفِ، عَامَّتُهُمْ مِنْ مُضَرَ، بَلْ كُلُّهُمْ مِنْ مُضَرَ، فَتَمَعَّرَ وَجْهُ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ لِمَا رَأَى بِهِمْ مِنَ الْفَاقَةِ، فَدَخَلَ ثُمَّ خَرَجَ، فَأَمَرَ بِلَالًا فَأَذَّنَ وَأَقَامَ، فَصَلَّى ثُمَّ خَطَبَ فَقَالَ: “﴿يَا أَيُّهَا النَّاسُ اِتَّقُوا رَبَّكُمُ الَّذِي خَلَقَكُمْ مِنْ نَفْسٍ وَاحِدَةٍ﴾” [النِّسَاءِ: 1] إِلَى آخِرِ الْآيَةِ: “﴿إِنَّ اللَّهَ كَانَ عَلَيْكُمْ رَقِيبًا﴾” [النِّسَاءِ: 1] وَالْآيَةَ الَّتِي فِي الْحَشْرِ: “﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا اِتَّقُوا اللَّهَ وَلْتَنْظُرْ نَفْسٌ مَا قَدَّمَتْ لِغَدٍ﴾” [الْحَشْرِ: 18] “تَصَدَّقَ رَجُلٌ مِنْ دِينَارِهِ، مِنْ دِرْهَمِهِ، مِنْ ثَوْبِهِ، مِنْ صَاعِ بُرِّهِ، مِنْ صَاعِ تَمْرِهِ” (حَتَّى قَالَ) “وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ”». قَالَ: «فَجَاءَ رَجُلٌ مِنَ الْأَنْصَارِ بِصُرَّةٍ كَادَتْ كَفُّهُ تَعْجِزُ عَنْهَا، بَلْ قَدْ عَجَزَتْ». قَالَ: «ثُمَّ تَتَابَعَ النَّاسُ، حَتَّى رَأَيْتُ كَوْمَيْنِ مِنْ طَعَامٍ وَثِيَابٍ، حَتَّى رَأَيْتُ وَجْهَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ يَتَهَلَّلُ، كَأَنَّهُ مُذْهَبَةٌ، فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “مَنْ سَنَّ فِي الْإِسْلَامِ سُنَّةً حَسَنَةً، فَلَهُ أَجْرُهَا، وَأَجْرُ مَنْ عَمِلَ بِهَا بَعْدَهُ، مِنْ غَيْرِ أَنْ يَنْقُصَ مِنْ أُجُورِهِمْ شَيْءٌ، وَمَنْ سَنَّ فِي الْإِسْلَامِ سُنَّةً سَيِّئَةً، كَانَ عَلَيْهِ وِزْرُهَا وَوِزْرُ مَنْ عَمِلَ بِهَا مِنْ بَعْدِهِ، مِنْ غَيْرِ أَنْ يَنْقُصَ مِنْ أَوْزَارِهِمْ شَيْءٌ”».

Қазақша аудармасы

Жәрир ибн Абдулла (р.а.) былай деді: «Таңертең Алла Елшісінің (с.а.с.) қасында едік. Сол кезде оған жалаңаяқ, жалаңаш денелерін ортасы ойылған жолақты жамылғы не абамен бүркеген, қылыштарын асынып алған бір топ адам келді. Олардың дені Мұдар тайпасынан еді, тіпті бәрі де сол тайпадан болатын. Алла Елшісі (с.а.с.) олардың жоқшылықтан әбден жүдеп кеткен күйін көргенде, жүзінің өңі өзгеріп кетті. Ол үйіне кіріп, қайта шықты да, Біләлге бұйырды. Біләл азан айтып, қамат түсірді. Алла Елшісі (с.а.с.) намазды оқып болған соң құтба айтып, былай деді: “Уа, адамдар! Бәріңді бір жаннан жаратқан… Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар” («Ниса», 1). Ол осы аятты соңына дейін оқып, оның соңындағы: “Шүбәсіз, Алла – сендерді әрдайым көріп, бақылап тұрушы” («Ниса», 1), – деген сөздерді де оқыды. Сондай-ақ «Хашр» сүресіндегі: “Уа, иман келтіргендер! Аллаға қарсы келіп асы болудан сақтаныңдар! Әрбір жан ертеңгі ақыреті үшін не жолдағанына қарасын” («Хашр», 18), – деген аятты оқыды. Содан кейін: “Әр адам өзінің динарынан, дирхамынан, киімінен, бір сағ бидайынан немесе бір сағ құрмасынан садақа берсін”, – деді. Ақырында: “Құрманың жартысымен болса да”, – деді. Сонда ансарлардың бірі алақаны әзер ұстап тұрған, тіпті көтеруге шамасы жетпегендей ауыр бір дорба алып келді. Артынша адамдар бірінен соң бірі садақа әкеле бастады. Ақырында азық-түлік пен киімнен үйілген екі үйіндіні көрдім. Сонда Алла Елшісінің (с.а.с.) жүзі алтынмен апталғандай жарқырап кеткенін көрдім. Алла Елшісі (с.а.с.): “Кім Исламда жақсы бір жол бастаса, оған сол істің сауабы және одан кейін сол жолмен амал еткендердің сауабы жазылады. Бірақ олардың сауаптарынан ештеңе кемітілмейді. Ал кім Исламда жаман бір жол бастаса, оның күнәсі де, одан кейін сол жолмен амал еткендердің күнәсі де соған жүктеледі. Бірақ олардың күнәларынан ештеңе кемітілмейді”, – деді». (1017/69)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ فِي الْمَسَاكِينِ وَابْنِ السَّبِيلِ

28-бапМұқтаждар мен жолаушыларға садақа беру

534
Мүслим, № 534Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «بَيْنَا رَجُلٌ بِفَلَاةٍ مِنَ الْأَرْضِ، فَسَمِعَ صَوْتًا فِي سَحَابَةٍ: “اِسْقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ”، فَتَنَحَّى ذَلِكَ السَّحَابُ، فَأَفْرَغَ مَاءَهُ فِي حَرَّةٍ، فَإِذَا شَرْجَةٌ مِنْ تِلْكَ الشِّرَاجِ قَدِ اسْتَوْعَبَتْ ذَلِكَ الْمَاءَ كُلَّهُ، فَتَتَبَّعَ الْمَاءَ، فَإِذَا رَجُلٌ قَائِمٌ فِي حَدِيقَتِهِ يُحَوِّلُ الْمَاءَ بِمِسْحَاتِهِ، فَقَالَ لَهُ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، مَا اسْمُكَ؟” قَالَ: “فُلَانٌ” (لِلِاسْمِ الَّذِي سَمِعَ فِي السَّحَابَةِ) فَقَالَ لَهُ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، لِمَ تَسْأَلُنِي عَنِ اسْمِي؟” فَقَالَ: “إِنِّي سَمِعْتُ صَوْتًا فِي السَّحَابِ الَّذِي هَذَا مَاؤُهُ يَقُولُ: ‘اِسْقِ حَدِيقَةَ فُلَانٍ’، لِاسْمِكَ، فَمَا تَصْنَعُ فِيهَا؟” قَالَ: “أَمَّا إِذْ قُلْتَ هَذَا، فَإِنِّي أَنْظُرُ إِلَى مَا يَخْرُجُ مِنْهَا، فَأَتَصَدَّقُ بِثُلُثِهِ، وَآكُلُ أَنَا وَعِيَالِي ثُلُثًا، وَأَرُدُّ فِيهَا ثُلُثَهُ”». وَفِي رِوَايَةٍ: «وَأَجْعَلُ ثُلُثَهُ فِي الْمَسَاكِينِ وَالسَّائِلِينَ وَابْنِ السَّبِيلِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Бір адам иен далада келе жатып, бұлттың ішінен: “Пәленшенің бағын суар!” – деген дауысты естіді. Әлгі бұлт бір жаққа қарай жылжып барып, суын тастақты алқапқа төкті. Сол алқаптағы сайлардың бірі судың бәрін өзіне жинап алды. Әлгі адам судың ағысын бойлай жүріп, өз бағында күрегімен судың арнасын бұрып тұрған бір кісіні көрді. Ол одан: “Уа, Алланың құлы! Атың кім?” – деп сұрады. Әлгі кісі бұлттан естіген есімді атап: “Пәленшемін”, – деді де: “Уа, Алланың құлы! Неліктен менің атымды сұрадың?” – деп сұрады. Әлгі адам: “Осы суды әкелген бұлттың ішінен: ‘Пәленшенің бағын суар!’ – деп сенің атыңды атаған дауысты естідім. Сен бұл бақтың өнімін не істейсің?” – деді. Ол: “Осыны айтқан екенсің, саған баяндайын. Мен бақтан шыққан өнімге қарап, оның үштен бірін садақа етемін, үштен бірін отбасыммен бірге өзіміз жейміз, ал қалған үштен бірін осы баққа қайта жұмсаймын”, – деді». Басқа бір риуаятта: «Оның үштен бірін мұқтаждарға, қайыр сұраушыларға және жолаушыға беремін», – делінген. (2984/45)

بَابٌ: اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ

29-бапҚұрманың жартысын болса да садақаға беріп, Тозақ отынан сақтаныңдар

535
Мүслим, № 535Риуаят етуші: Ади ибн Хатим (р.а.)

عَنْ عَدِيِّ بْنِ حَاتِمٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «ذَكَرَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ النَّارَ فَأَعْرَضَ وَأَشَاحَ، ثُمَّ قَالَ: “اِتَّقُوا النَّارَ”. ثُمَّ أَعْرَضَ وَأَشَاحَ حَتَّى ظَنَنَّا أَنَّهُ كَأَنَّمَا يَنْظُرُ إِلَيْهَا، ثُمَّ قَالَ: “اِتَّقُوا النَّارَ وَلَوْ بِشِقِّ تَمْرَةٍ، فَمَنْ لَمْ يَجِدْ، فَبِكَلِمَةٍ طَيِّبَةٍ”».

Қазақша аудармасы

Ади ибн Хатим (р.а.) былай деді: «Алла Елшісі (с.а.с.) Тозақты сөз етіп, жүзін бұрып, теріс қарады. Содан кейін: “Өздеріңді Тозақтан қорғаңдар!” – деді. Артынша тағы да жүзін бұрып, теріс қарады. Мұны көргенде, біз оны бейне бір Тозаққа қарап тұрғандай сезіндік. Содан кейін ол: “Құрманың жартысымен болса да өздеріңді Тозақтан қорғаңдар. Ал кім оны да таппаса, жақсы сөз айтсын”, – деді». (1016/68)

بَابٌ: التَّرْغِيبُ فِي صَدَقَةِ الْمَنِيحَةِ

30-бапСауын малды сүтін пайдалану үшін уақытша беру арқылы садақа жасауға ынталандыру

536
Мүслим, № 536Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يَبْلُغُ بِهِ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ: «أَلَا رَجُلٌ يَمْنَحُ أَهْلَ بَيْتٍ نَاقَةً، تَغْدُو بِعُسٍّ، وَتَرُوحُ بِعُسٍّ، إِنَّ أَجْرَهَا لَعَظِيمٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) Пайғамбардан (с.а.с.) жеткізген хадисінде: «Бір отбасына таңертең бір үлкен тостаған, кешке бір үлкен тостаған сүт беретін інгенді уақытша пайдалануға ұсынатын адам табылмас па екен? Расында, мұның сауабы өте зор!» – делінген. (1019/73)

بَابٌ: فَضْلُ إِخْفَاءِ الصَّدَقَةِ

31-бапСадақаны жасырын берудің артықшылығы

537
Мүслим, № 537Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «سَبْعَةٌ يُظِلُّهُمُ اللَّهُ فِي ظِلِّهِ يَوْمَ لَا ظِلَّ إِلَّا ظِلُّهُ: الْإِمَامُ الْعَادِلُ، وَشَابٌّ نَشَأَ بِعِبَادَةِ اللَّهِ، وَرَجُلٌ قَلْبُهُ مُعَلَّقٌ فِي الْمَسَاجِدِ، وَرَجُلَانِ تَحَابَّا فِي اللَّهِ اِجْتَمَعَا عَلَيْهِ وَتَفَرَّقَا عَلَيْهِ، وَرَجُلٌ دَعَتْهُ اِمْرَأَةٌ ذَاتُ مَنْصِبٍ وَجَمَالٍ، فَقَالَ: “إِنِّي أَخَافُ اللَّهَ”، وَرَجُلٌ تَصَدَّقَ بِصَدَقَةٍ فَأَخْفَاهَا حَتَّى لَا تَعْلَمَ يَمِينُهُ مَا تُنْفِقُ شِمَالُهُ، وَرَجُلٌ ذَكَرَ اللَّهَ خَالِيًا، فَفَاضَتْ عَيْنَاهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Ешбір сая болмайтын күні Алла жеті түрлі адамды Өз саясына саялатады: әділ басшыны; Аллаға құлшылық етіп өскен жасты; жүрегі мешіттерге байланған адамды; Алланың разылығы үшін бір-бірін жақсы көріп, сол сүйіспеншілікпен табысып, сол сүйіспеншілікпен айырылған екі адамды; беделді әрі сұлу әйел өзіне шақырғанда: “Мен Алладан қорқамын”, – деген адамды; оң қолы сол қолының не жұмсағанын білмейтіндей етіп садақасын жасырын берген адамды және оңаша қалғанда Алланы еске алып, екі көзінен жас аққан адамды». (1031/91)

بَابٌ: فَضْلُ صَدَقَةِ الصَّحِيحِ الشَّحِيحِ

32-бапДені сау әрі дүние-мүлкін қимайтын адамның берген садақасының артықшылығы

538
Мүслим, № 538Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَتَى رَسُولَ اللَّهِ ﷺ رَجُلٌ فَقَالَ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيُّ الصَّدَقَةِ أَعْظَمُ؟” فَقَالَ: “أَنْ تَصَدَّقَ وَأَنْتَ صَحِيحٌ شَحِيحٌ، تَخْشَى الْفَقْرَ وَتَأْمُلُ الْغِنَى، وَلَا تُمْهِلَ حَتَّى إِذَا بَلَغَتْ الْحُلْقُومَ قُلْتَ: ‘لِفُلَانٍ كَذَا، وَلِفُلَانٍ كَذَا’، أَلَا وَقَدْ كَانَ لِفُلَانٍ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деді: «Бір адам Алла Елшісіне (с.а.с.) келіп: “Уа, Расулалла! Садақаның ең сауаптысы қайсы?” – деп сұрады. Ол (с.а.с.): “Денең сау, мал-дүниеңді қимай, кедейліктен қорқып әрі бай болудан үміттеніп тұрған кезіңде берген садақаң. Жаның алқымыңа жеткенге дейін кешіктіріп жүріп, сонда ғана: ‘Пәленшеге мынаны, түгеншеге ананы беріңдер’, – деме. Біліп қой: ол кезде дүние-мүлкің әлдеқашан пәленшенікі болып қояды”, – деді». (1032/92)

بَابٌ: قَبُولُ الصَّدَقَةِ مِنَ الْكَسْبِ الطَّيِّبِ وَتَرْبِيَتُهَا

33-бапАдал табыстан берілген садақаның қабыл болуы және оның сауабының еселенуі

539
Мүслим, № 539Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَا يَتَصَدَّقُ أَحَدٌ بِتَمْرَةٍ مِنْ كَسْبٍ طَيِّبٍ، إِلَّا أَخَذَهَا اللَّهُ بِيَمِينِهِ، فَيُرَبِّيهَا كَمَا يُرَبِّي أَحَدُكُمْ فَلُوَّهُ، أَوْ قَلُوصَهُ، حَتَّى تَكُونَ مِثْلَ الْجَبَلِ، أَوْ أَعْظَمَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім адал табысынан бір тал құрманы садақа етсе, Алла оны оң қолымен қабыл алып, сендердің бірің құлынын немесе жас інгенін баптап өсіргендей өсіреді. Ақырында ол таудай немесе одан да үлкен болады», – деген. (1014/64)

540
Мүслим, № 540Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «أَيُّهَا النَّاسُ، إِنَّ اللَّهَ طَيِّبٌ لَا يَقْبَلُ إِلَّا طَيِّبًا، وَإِنَّ اللَّهَ أَمَرَ الْمُؤْمِنِينَ بِمَا أَمَرَ بِهِ الْمُرْسَلِينَ، فَقَالَ: ﴿يَا أَيُّهَا الرُّسُلُ كُلُوا مِنَ الطَّيِّبَاتِ وَاعْمَلُوا صَالِحًا إِنِّي بِمَا تَعْمَلُونَ عَلِيمٌ﴾ [الْمُؤْمِنُونَ: 51] وَقَالَ: ﴿يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا كُلُوا مِنْ طَيِّبَاتِ مَا رَزَقْنَاكُمْ﴾» [الْبَقَرَةِ: 172]. ثُمَّ ذَكَرَ الرَّجُلَ: «يُطِيلُ السَّفَرَ أَشْعَثَ أَغْبَرَ، يَمُدُّ يَدَيْهِ إِلَى السَّمَاءِ، “يَا رَبِّ، يَا رَبِّ”، وَمَطْعَمُهُ حَرَامٌ، وَمَشْرَبُهُ حَرَامٌ، وَمَلْبَسُهُ حَرَامٌ، وَغُذِيَ بِالْحَرَامِ، فَأَنَّى يُسْتَجَابُ لِذَلِكَ؟»

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Уа, адамдар! Расында, Алла – Пәк әрі Ол тек таза нәрсені ғана қабыл етеді. Алла елшілеріне нені бұйырса, мүміндерге де соны бұйырып: ‘Уа, пайғамбарлар қауымы! Адал, таза ас-судан жеп-ішіңдер, әркез игі іс істеңдер. Мен еш шүбәсіз, сендердің не істеп жүргендеріңді білемін’ («Муминун», 51), – деді. Сондай-ақ: ‘Уа, иман келтіргендер! Өздеріңе ризық етіп бергеніміздің адал, тазасынан жеңдер’ («Бақара», 172), – деді”, – деді. Содан кейін ол ұзақ сапар шегіп, шашы ұйпа-тұйпа, үсті-басы шаң болған, екі қолын көкке жайып: “Уа, Раббым! Уа, Раббым!” – деп жалбарынған бір адамды мысалға келтірді. Алайда оның жегені – харам, ішкені – харам, кигені – харам әрі өзі хараммен қоректенген. “Мұндай адамның дұғасы қалай қабыл болмақ?” – деді». (1015/65)

بَابٌ: تَرْكُ احْتِقَارِ قَلِيلِ الصَّدَقَةِ

34-бапАз мөлшерде берілген садақаны елеусіз санамау

541
Мүслим, № 541Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يَقُولُ: «يَا نِسَاءَ الْمُسْلِمَاتِ، لَا تَحْقِرَنَّ جَارَةٌ لِجَارَتِهَا، وَلَوْ فِرْسِنَ شَاةٍ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Уа, мұсылман әйелдер! Ешбір әйел көршісіне беретін сыйын азсынбасын, тіпті ол қойдың тұяғы болса да», – дейтін. (1030/90)

بَابٌ: فِي قَوْلِهِ تَعَالَى: ﴿يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ﴾

35-бапАлла Тағаланың «Қайыр-садақаны молынан беретін жомарт мүміндерді өздерінше жазғырады» деген мағынадағы сөзі туралы

542
Мүслим, № 542Риуаят етуші: Әбу Масғуд (р.а.)

عَنْ أَبِي مَسْعُودٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أُمِرْنَا بِالصَّدَقَةِ». قَالَ: «كُنَّا نُحَامِلُ». قَالَ: «فَتَصَدَّقَ أَبُو عَقِيلٍ بِنِصْفِ صَاعٍ». قَالَ: «وَجَاءَ إِنْسَانٌ بِشَيْءٍ أَكْثَرَ مِنْهُ، فَقَالَ الْمُنَافِقُونَ: “إِنَّ اللَّهَ لَغَنِيٌّ عَنْ صَدَقَةِ هَذَا، وَمَا فَعَلَ هَذَا الْآخَرُ إِلَّا رِيَاءً”، فَنَزَلَتْ: ﴿الَّذِينَ يَلْمِزُونَ الْمُطَّوِّعِينَ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ فِي الصَّدَقَاتِ وَالَّذِينَ لَا يَجِدُونَ إِلَّا جُهْدَهُمْ﴾ [التَّوْبَةِ: ٧٩]».

Қазақша аудармасы

Әбу Масғуд (р.а.) былай деді: «Бізге садақа беру бұйырылды. Сол үшін ақыға жүк таситынбыз. Бірде Әбу Ақил жарты сағ мөлшерінде садақа берді. Ал тағы бір адам одан көбірек садақа әкелді. Сонда екіжүзділер: “Алла мына адамның садақасына мұқтаж емес. Ал анау садақасын жұртқа көрсету үшін ғана берді”, – деді. Сол кезде: “Ол екіжүзділер қайыр-садақаны молынан беретін жомарт мүміндерді де, маңдай терімен тапқан-таянған азғантай мал-пұлынан садақа беретін кедей мүміндерді де өздерінше жазғырады…”, – деген аят түсті («Тәубе», 79)». (1018/72)

بَابٌ: مَنْ جَمَعَ الصَّدَقَةَ وَأَعْمَالَ الْبِرِّ

36-бапСадақа беруді өзге де игі істермен ұштастырған адам туралы

543
Мүслим, № 543Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَنْ أَصْبَحَ مِنْكُمُ الْيَوْمَ صَائِمًا؟» قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَا». قَالَ: «فَمَنْ تَبِعَ مِنْكُمُ الْيَوْمَ جَنَازَةً؟» قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَا». قَالَ: «فَمَنْ أَطْعَمَ مِنْكُمُ الْيَوْمَ مِسْكِينًا؟» قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَا». قَالَ: «فَمَنْ عَادَ مِنْكُمُ الْيَوْمَ مَرِيضًا؟» قَالَ أَبُو بَكْرٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «أَنَا». فَقَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا اجْتَمَعْنَ فِي امْرِئٍ، إِلَّا دَخَلَ الْجَنَّةَ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Бүгін араларыңнан кім таңды оразалы күйде қарсы алды?” – деп сұрады. Әбу Бәкір (р.а.): “Мен”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бүгін араларыңнан кім жаназаға еріп барды?” – деп сұрады. Әбу Бәкір (р.а.): “Мен”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бүгін араларыңнан кім бір кедейді тамақтандырды?” – деп сұрады. Әбу Бәкір (р.а.): “Мен”, – деді. Ол (с.а.с.): “Бүгін араларыңнан кім науқастың көңілін сұрады?” – деп сұрады. Әбу Бәкір (р.а.): “Мен”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Осы амалдар бір адамның бойында тоғысса, ол міндетті түрде Жәннатқа кіреді”, – деді», – деген. (1028/87)

543б
Мүслим, № 543бРиуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «مَنْ أَنْفَقَ زَوْجَيْنِ فِي سَبِيلِ اللَّهِ نُودِيَ فِي الْجَنَّةِ: “يَا عَبْدَ اللَّهِ، هَذَا خَيْرٌ”، فَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّلَاةِ، دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّلَاةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الْجِهَادِ، دُعِيَ مِنْ بَابِ الْجِهَادِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصَّدَقَةِ، دُعِيَ مِنْ بَابِ الصَّدَقَةِ، وَمَنْ كَانَ مِنْ أَهْلِ الصِّيَامِ، دُعِيَ مِنْ بَابِ الرَّيَّانِ». قَالَ أَبُو بَكْرٍ الصِّدِّيقُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، مَا عَلَى أَحَدٍ يُدْعَى مِنْ تِلْكَ الْأَبْوَابِ مِنْ ضَرُورَةٍ، فَهَلْ يُدْعَى أَحَدٌ مِنْ تِلْكَ الْأَبْوَابِ كُلِّهَا؟» قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «نَعَمْ، وَأَرْجُو أَنْ تَكُونَ مِنْهُمْ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Кім Алла жолында бір нәрсені жұбымен жұмсаса, Жәннатта оған: “Уа, Алланың құлы! Мұнда игілік бар!” – деп үнделеді. Намаз иелерінен болған адам намаз қақпасынан, жиһад иелерінен болған адам жиһад қақпасынан, садақа иелерінен болған адам садақа қақпасынан, ал ораза иелерінен болған адам әр-Райян қақпасынан шақырылады». Әбу Бәкір әс-Сыддық (р.а.): «Уа, Расулалла! Осы қақпалардың бірінен шақырылған адам ешбір таршылық көрмейді. Ал сол қақпалардың бәрінен бірдей шақырылатын адам бола ма?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.): «Иә. Сенің солардың қатарынан болуыңнан үміттенемін», – деді. (1027/85)

بَابٌ: كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ

37-бапӘрбір игі іс – садақа

544
Мүслим, № 544Риуаят етуші: Хузайфа (р.а.)

عَنْ حُذَيْفَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «كُلُّ مَعْرُوفٍ صَدَقَةٌ».

Қазақша аудармасы

Хузайфаның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.): «Әрбір ізгі іс – садақа», – деген. (1005/52)

بَابٌ: التَّسْبِيحُ وَالتَّهْلِيلُ وَأَعْمَالُ الْبِرِّ صَدَقَةٌ

38-бапАлланы пәктеп дәріптеу, «Алладан басқа тәңір жоқ» деп айту және игі істер жасау – садақа

545
Мүслим, № 545Риуаят етуші: Әбу Зәрр (р.а.)

عَنْ أَبِي ذَرٍّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَاسًا مِنْ أَصْحَابِ النَّبِيِّ ﷺ قَالُوا لِلنَّبِيِّ ﷺ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، ذَهَبَ أَهْلُ الدُّثُورِ بِالْأُجُورِ، يُصَلُّونَ كَمَا نُصَلِّي، وَيَصُومُونَ كَمَا نَصُومُ، وَيَتَصَدَّقُونَ بِفُضُولِ أَمْوَالِهِمْ». قَالَ: «أَوَلَيْسَ قَدْ جَعَلَ اللَّهُ لَكُمْ مَا تَصَّدَّقُونَ؟ إِنَّ بِكُلِّ تَسْبِيحَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَكْبِيرَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَحْمِيدَةٍ صَدَقَةً، وَكُلِّ تَهْلِيلَةٍ صَدَقَةً، وَأَمْرٌ بِالْمَعْرُوفِ صَدَقَةٌ، وَنَهْيٌ عَنْ مُنْكَرٍ صَدَقَةٌ، وَفِي بُضْعِ أَحَدِكُمْ صَدَقَةٌ». قَالُوا: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيَأْتِي أَحَدُنَا شَهْوَتَهُ وَيَكُونُ لَهُ فِيهَا أَجْرٌ؟» قَالَ: «أَرَأَيْتُمْ لَوْ وَضَعَهَا فِي حَرَامٍ أَكَانَ عَلَيْهِ فِيهَا وِزْرٌ؟ فَكَذَلِكَ إِذَا وَضَعَهَا فِي الْحَلَالِ كَانَ لَهُ أَجْرٌ».

Қазақша аудармасы

Әбу Зәррдің (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбардың (с.а.с.) кейбір сахабалары оған: «Уа, Расулалла! Дәулетті адамдар барлық сауапты алып кетті. Олар біз секілді намаз оқиды, біз секілді ораза ұстайды әрі артылған мал-дүниелерінен садақа береді», – деді. Ол (с.а.с.): «Алла сендерге де садақа ететін нәрселер бермеді ме? Әрбір “Субханаллаһ” деу – садақа, әрбір “Аллаһу әкбар” деу – садақа, әрбір “Әлхамдулиллаһ” деу – садақа, әрбір “Лә иләһә иллаллаһ” деу – садақа. Жақсылыққа бұйыру – садақа, жамандықтан тыю – садақа. Сендердің әрқайсыңның жұбайымен жақындасуында да садақа бар», – деді. Олар: «Уа, Расулалла! Біріміз өз құмарымызды қанағаттандырсақ, сол үшін де сауап аламыз ба?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Айтыңдаршы, егер ол құмарын харам жолмен қанағаттандырса, күнә арқалар ма еді? Сол сияқты, оны адал жолмен қанағаттандырса, сауап алады», – деді. (1006/53)

بَابٌ: الصَّدَقَةُ وَوُجُوبُهَا عَلَى السُّلَامَى

39-бапСадақа беру және оның адам денесіндегі әрбір буын үшін міндетті болуы

546
Мүслим, № 546Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «إِنَّهُ خُلِقَ كُلُّ إِنْسَانٍ مِنْ بَنِي آدَمَ عَلَى سِتِّينَ وَثَلَاثِمِائَةِ مَفْصِلٍ، فَمَنْ كَبَّرَ اللَّهَ، وَحَمِدَ اللَّهَ، وَهَلَّلَ اللَّهَ، وَسَبَّحَ اللَّهَ، وَاسْتَغْفَرَ اللَّهَ، وَعَزَلَ حَجَرًا عَنْ طَرِيقِ النَّاسِ، أَوْ شَوْكَةً أَوْ عَظْمًا عَنْ طَرِيقِ النَّاسِ، وَأَمَرَ بِمَعْرُوفٍ أَوْ نَهَى عَنْ مُنْكَرٍ، عَدَدَ تِلْكَ السِّتِّينَ وَالثَّلَاثِمِائَةِ السُّلَامَى، فَإِنَّهُ يَمْشِي يَوْمَئِذٍ وَقَدْ زَحْزَحَ نَفْسَهُ عَنِ النَّارِ». قَالَ أَبُو تَوْبَةَ: «وَرُبَّمَا قَالَ: “يُمْسِي”».

Қазақша аудармасы

Айшаның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Әрбір адам баласы үш жүз алпыс буынмен жаратылған. Кім Алланы ұлықтаса, Оған мадақ айтса, Оның жалғыздығын жарияласа, Оны пәктесе, Одан кешірім тілесе; адамдардың жолынан тас, тікен немесе сүйек алып тастаса; жақсылыққа бұйырса немесе жамандықтан тыйса әрі осы амалдарын үш жүз алпыс буынының санына жеткізсе, сол күні өзін Тозақтан алыстатқан күйде жүреді». Әбу Тәуба: «Кейде “сол күні кешке жетеді” деп те айтатын», – деген. (1007/54)

بَابٌ: فِي قَبُولِ الصَّدَقَةِ تَقَعُ فِي غَيْرِ أَهْلِهَا

40-бапСадақа алуға лайықты емес адамға берілген садақаның да қабыл болуы туралы

547
Мүслим, № 547Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «قَالَ رَجُلٌ: “لَأَتَصَدَّقَنَّ اللَّيْلَةَ بِصَدَقَةٍ”، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدِ زَانِيَةٍ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ اللَّيْلَةَ عَلَى زَانِيَةٍ”. قَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ عَلَى زَانِيَةٍ، لَأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ”، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدِ غَنِيٍّ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ عَلَى غَنِيٍّ”. قَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ عَلَى غَنِيٍّ، لَأَتَصَدَّقَنَّ بِصَدَقَةٍ”، فَخَرَجَ بِصَدَقَتِهِ فَوَضَعَهَا فِي يَدِ سَارِقٍ، فَأَصْبَحُوا يَتَحَدَّثُونَ: “تُصُدِّقَ عَلَى سَارِقٍ”. فَقَالَ: “اللَّهُمَّ، لَكَ الْحَمْدُ عَلَى زَانِيَةٍ، وَعَلَى غَنِيٍّ، وَعَلَى سَارِقٍ”، فَأُتِيَ فَقِيلَ لَهُ: “أَمَّا صَدَقَتُكَ فَقَدْ قُبِلَتْ، أَمَّا الزَّانِيَةُ فَلَعَلَّهَا تَسْتَعِفُّ بِهَا عَنْ زِنَاهَا، وَلَعَلَّ الْغَنِيَّ يَعْتَبِرُ فَيُنْفِقُ مِمَّا أَعْطَاهُ اللَّهُ، وَلَعَلَّ السَّارِقَ يَسْتَعِفُّ بِهَا عَنْ سَرِقَتِهِ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Бір адам: “Осы түні міндетті түрде садақа беремін”, – деді. Сөйтіп, садақасын алып шығып, оны зинақор бір әйелге берді. Таңертең адамдар: “Түнде зинақор әйелге садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Сонда әлгі адам: “Уа, Алла! Зинақор әйелге тиген садақам үшін де барлық мадақ Саған тән! Мен тағы да міндетті түрде садақа беремін”, – деді. Сөйтіп, садақасын алып шығып, оны бір бай адамға берді. Таңертең жұрт: “Бай адамға садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Ол: “Уа, Алла! Бай адамға тиген садақам үшін де барлық мадақ Саған тән! Мен тағы да міндетті түрде садақа беремін”, – деді. Сөйтіп, садақасын алып шығып, оны бір ұрыға берді. Таңертең адамдар: “Ұрыға садақа беріліпті”, – деп әңгімелесті. Сонда ол: “Уа, Алла! Зинақор әйелге, бай адамға және ұрыға тиген садақаларым үшін де барлық мадақ Саған тән!” – деді. Кейін оған: “Садақаң қабыл болды. Бәлкім, зинақор әйел сол садақаның арқасында зинадан тыйылар. Бай адам да, бәлкім, одан ғибрат алып, Алла өзіне берген малдан жұмсар. Ал ұры да, бәлкім, сол садақаның арқасында ұрлықтан тыйылар”, – делінді». (1022/78)

بَابٌ: فِي الْمُتَصَدِّقِ وَالْبَخِيلِ

41-бапСадақа беруші мен сараң адам туралы

548
Мүслим, № 548Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَثَلُ الْبَخِيلِ وَالْمُتَصَدِّقِ مَثَلُ رَجُلَيْنِ عَلَيْهِمَا جُنَّتَانِ مِنْ حَدِيدٍ، إِذَا هَمَّ الْمُتَصَدِّقُ بِصَدَقَةٍ اتَّسَعَتْ عَلَيْهِ، حَتَّى تُعَفِّيَ أَثَرَهُ، وَإِذَا هَمَّ الْبَخِيلُ بِصَدَقَةٍ تَقَلَّصَتْ عَلَيْهِ، وَانْضَمَّتْ يَدَاهُ إِلَى تَرَاقِيهِ، وَانْقَبَضَتْ كُلُّ حَلْقَةٍ إِلَى صَاحِبَتِهَا». قَالَ: «فَسَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “فَيَجْهَدُ أَنْ يُوَسِّعَهَا فَلَا يَسْتَطِيعُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Сараң мен садақа берушінің мысалы үстеріне темірден жасалған бір-бір сауыт киген екі адамға ұқсайды. Садақа беруші садақа беруге ниеттенгенде, оның сауыты кеңейіп, тіпті басқан ізін де өшіреді. Ал сараң садақа беруге ниеттенгенде, сауыты денесіне жабыса жиырылып, екі қолы бұғаналарына қарай тартылып, әрбір шығыршығы жанындағы шығыршыққа жабыса қалады». Әбу Һурайра (р.а.): «Алла Елшісінің (с.а.с.): “Ол сауытты кеңейтуге бар күшін салса да, оны кеңейте алмайды”, – дегенін естідім», – деді. (1021/77)

بَابٌ: فِي الْمُنْفِقِ وَالْمُمْسِكِ

42-бапМал-мүлкін жұмсайтын адам мен оны жұмсамай сақтайтын адам туралы

549
Мүслим, № 549Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ إِلَّا مَلَكَانِ يَنْزِلَانِ، فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا”، وَيَقُولُ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Құлдар таңды қарсы алатын әрбір күні екі періште түседі. Олардың бірі: ‘Уа, Алла! Дүниесін жұмсаған жанға жұмсағанының орнын толтырып бер!’ – дейді. Ал екіншісі: ‘Уа, Алла! Дүниесін сараңдықпен ұстап қалған адамның дүниесін жой!’ – дейді”, – деді». (1010/57)

بَابٌ: الْخَازِنُ الْأَمِينُ أَحَدُ الْمُتَصَدِّقَيْنِ

43-бапАманатқа адал қазынашы – садақа берушілердің бірі

550
Мүслим, № 550Риуаят етуші: Әбу Мұса (р.а.)

عَنْ أَبِي مُوسَى الْأَشْعَرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، عَنِ النَّبِيِّ ﷺ قَالَ: «إِنَّ الْخَازِنَ الْمُسْلِمَ الْأَمِينَ الَّذِي يُنْفِذُ» (رُبَّمَا قَالَ: «يُعْطِي») «مَا أُمِرَ بِهِ، فَيُعْطِيهِ كَامِلًا مُوَفَّرًا، طَيِّبَةً بِهِ نَفْسُهُ، فَيَدْفَعُهُ إِلَى الَّذِي أُمِرَ لَهُ بِهِ أَحَدُ الْمُتَصَدِّقَيْنِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Мұса әл-Ашғари (р.а.) Пайғамбардың (с.а.с.): «Өзіне бұйырылғанды орындайтын (кейде “беретін” деп те айтылған), оны еш кемітпей, толық күйінде, көңілі разы болып, бұйырылған адамға табыстайтын сенімді мұсылман қазынашы – садақа беруші екі адамның бірі», – дегенін жеткізген. (1023/79)

بَابٌ: أَنْفِقِي وَلَا تُحْصِي وَلَا تُوعِي

44-бапСадақа бер, санап отырма әрі жинап сақтама

551
Мүслим, № 551

عَنْ أَسْمَاءَ بِنْتِ أَبِي بَكْرٍ الصِّدِّيقِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهَا جَاءَتِ النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَتْ: «يَا نَبِيَّ اللَّهِ، لَيْسَ لِي شَيْءٌ إِلَّا مَا أَدْخَلَ عَلَيَّ الزُّبَيْرُ فَهَلْ عَلَيَّ جُنَاحٌ أَنْ أَرْضَخَ مِمَّا يُدْخِلُ عَلَيَّ؟» فَقَالَ: «اِرْضَخِي مَا اسْتَطَعْتِ، وَلَا تُوعِي فَيُوعِيَ اللَّهُ عَلَيْكِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Бәкір әс-Сыддықтың қызы Әсманың (р.а.) жеткізуінше, ол Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Уа, Алланың Пайғамбары! Менде әз-Зубайрдың маған әкеліп бергенінен басқа ештеңе жоқ. Оның әкелгенінен аздап садақа етсем, маған күнә бола ма?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Шамаң келгенше аздап болса да садақа бере бер. Дүниеңді жинап, ұстап қалма, әйтпесе Алла да саған берерін ұстап қалады», – деді. (1029/89)

بَابٌ: إِذَا أَنْفَقَتِ الْمَرْأَةُ مِنْ بَيْتِ زَوْجِهَا

45-бапӘйелдің күйеуінің үйіндегі дүние-мүліктен жұмсауы

552
Мүслим, № 552Риуаят етуші: Айша (р.а.)

عَنْ عَائِشَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهَا، قَالَتْ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «إِذَا أَنْفَقَتِ الْمَرْأَةُ مِنْ طَعَامِ بَيْتِهَا غَيْرَ مُفْسِدَةٍ، كَانَ لَهَا أَجْرُهَا بِمَا أَنْفَقَتْ، وَلِزَوْجِهَا أَجْرُهُ بِمَا كَسَبَ، وَلِلْخَازِنِ مِثْلُ ذَلِكَ، لَا يَنْقُصُ بَعْضُهُمْ أَجْرَ بَعْضٍ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Айша (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Әйел үйіндегі азық-түліктен ысырап етпей жұмсаса, жұмсағаны үшін оған сауап, тапқаны үшін күйеуіне сауап, ал қазынашыға да дәл сондай сауап жазылады. Олардың ешқайсысы екіншісінің сауабын титтей де кемітпейді”, – деді», – деген. (1024/80)

بَابٌ: مَا أَنْفَقَ الْعَبْدُ مِنْ مَالِ مَوْلَاهُ

46-бапҚұлдың қожайынының дүние-мүлкінен жұмсауы

553
Мүслим, № 553

عَنْ عُمَيْرٍ مَوْلَى آبِي اللَّحْمِ قَالَ: «أَمَرَنِي مَوْلَايَ أَنْ أُقَدِّدَ لَهُ لَحْمًا، فَجَاءَنِي مِسْكِينٌ، فَأَطْعَمْتُهُ مِنْهُ، فَعَلِمَ بِذَلِكَ مَوْلَايَ فَضَرَبَنِي، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ فَذَكَرْتُ ذَلِكَ لَهُ، فَدَعَاهُ فَقَالَ: “لِمَ ضَرَبْتَهُ؟” فَقَالَ: “يُعْطِي طَعَامِي بِغَيْرِ أَنْ آمُرَهُ”. فَقَالَ: “الْأَجْرُ بَيْنَكُمَا”».

Қазақша аудармасы

Аби әл-Лахмның құлы Ұмайр былай деген: «Қожайыным маған етті тілімдеп кептіруді бұйырды. Сол кезде бір кедей келіп, мен оған әлгі еттен жегіздім. Мұны білген қожайыным мені ұрды. Мен Алла Елшісіне (с.а.с.) барып, болған жағдайды айтып бердім. Ол қожайынымды шақырып алып: “Оны неге ұрдың?” – деп сұрады. Қожайыным: “Ол менің бұйрығымсыз тамағымды өзгелерге береді”, – деді. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.): “Сауабы екеуіңе ортақ”, – деді». (1025/83)

554
Мүслим, № 554Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تَصُمِ الْمَرْأَةُ وَبَعْلُهَا شَاهِدٌ إِلَّا بِإِذْنِهِ، وَلَا تَأْذَنْ فِي بَيْتِهِ وَهُوَ شَاهِدٌ إِلَّا بِإِذْنِهِ، وَمَا أَنْفَقَتْ مِنْ كَسْبِهِ مِنْ غَيْرِ أَمْرِهِ، فَإِنَّ نِصْفَ أَجْرِهِ لَهُ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін риуаят етті: «Әйел күйеуі қасында болған кезде оның рұқсатынсыз ораза ұстамасын. Күйеуі қасында болған кезде оның рұқсатынсыз үйіне ешкімді кіргізбесін. Сондай-ақ оның бұйрығынсыз күйеуінің тапқан малынан бір нәрсе жұмсаса, соның сауабының жартысы күйеуіне тиесілі болады». (1026/84)

بَابٌ: التَّعَفُّفُ وَالصَّبْرُ

47-бапҚайыр сұраудан тартыну және сабыр сақтау

555
Мүслим, № 555Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ نَاسًا مِنَ الْأَنْصَارِ سَأَلُوا رَسُولَ اللَّهِ ﷺ، فَأَعْطَاهُمْ، ثُمَّ سَأَلُوهُ فَأَعْطَاهُمْ، حَتَّى إِذَا نَفِدَ مَا عِنْدَهُ قَالَ: «مَا يَكُنْ عِنْدِي مِنْ خَيْرٍ فَلَنْ أَدَّخِرَهُ عَنْكُمْ، وَمَنْ يَسْتَعْفِفْ يُعِفَّهُ اللَّهُ، وَمَنْ يَسْتَغْنِ يُغْنِهِ اللَّهُ، وَمَنْ يَصْبِرْ يُصَبِّرْهُ اللَّهُ، وَمَا أُعْطِيَ أَحَدٌ مِنْ عَطَاءٍ خَيْرًا وَأَوْسَعَ مِنَ الصَّبْرِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, бір топ ансар Алла Елшісінен (с.а.с.) бір нәрсе сұрады. Ол оларға берді. Олар тағы сұрағанда, оларға тағы да берді. Ақырында қолындағысы таусылғанда: «Қолымда қандай да бір игілік болса, оны сендерден жасырып, өзіме сақтап қалмаймын. Кім арын сақтап, сұраудан тыйылса, Алла оны арлы етеді. Кім өзгеге мұқтаж болмауға ұмтылса, Алла оны ешкімге мұқтаж етпейді. Кім сабыр етуге тырысса, Алла оған сабыр береді. Ешкімге сабырдан қайырлы әрі кең сый берілген емес», – деді. (1053/124)

بَابٌ: فِي الْكَفَافِ وَالْقَنَاعَةِ

48-бапКүнкөріске жетерлік ризық пен қанағат туралы

556
Мүслим, № 556Риуаят етуші: Абдулла ибн Амр (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عَمْرِو بْنِ الْعَاصِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «قَدْ أَفْلَحَ مَنْ أَسْلَمَ، وَرُزِقَ كَفَافًا، وَقَنَّعَهُ اللَّهُ بِمَا آتَاهُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Амр ибн әл-Астың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.): «Исламды қабылдаған, күнкөрісіне жетерлік ризық берілген әрі Алла Өзі бергеніне қанағатшыл еткен адам мұратқа жетті», – деді. (1054/125)

بَابٌ: التَّعَفُّفُ عَنِ الْمَسْأَلَةِ

49-бапҚайыр сұраудан тартыну

557
Мүслим, № 557Риуаят етуші: Мұғауия (р.а.)

عَنْ مُعَاوِيَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَا تُلْحِفُوا فِي الْمَسْأَلَةِ، فَوَاللَّهِ، لَا يَسْأَلُنِي أَحَدٌ مِنْكُمْ شَيْئًا، فَتُخْرِجَ لَهُ مَسْأَلَتُهُ مِنِّي شَيْئًا، وَأَنَا لَهُ كَارِهٌ، فَيُبَارَكَ لَهُ فِيمَا أَعْطَيْتُهُ».

Қазақша аудармасы

Мұғауия (р.а.): «Алла Елшісі (с.а.с.): “Қайыр сұрағанда табандап, қайта-қайта талап етпеңдер. Алланың атымен ант етемін! Сендердің бірің менен бір нәрсе сұрап, мен қаламай тұрсам да, табандылығы арқылы оны алса, оған берген нәрсемде береке болмайды”, – деді», – деген. (1038/99)

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ الْمَسْأَلَةِ لِلنَّاسِ

50-бапАдамдардан қайыр сұраудың ұнамсыз саналуы

558
Мүслим, № 558Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ النَّبِيَّ ﷺ قَالَ: «لَا تَزَالُ الْمَسْأَلَةُ بِأَحَدِكُمْ حَتَّى يَلْقَى اللَّهَ، وَلَيْسَ فِي وَجْهِهِ مُزْعَةُ لَحْمٍ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Пайғамбар (с.а.с.) былай деген: «Сендердің бірің адамдардан сұрай беріп, ақырында Аллаға жүзінде бір жапырақ ет қалмаған күйде жолығады». (1040/103)

559
Мүслим, № 559Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَمِعْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ يَقُولُ: “لَأَنْ يَغْدُوَ أَحَدُكُمْ، فَيَحْطِبَ عَلَى ظَهْرِهِ، فَيَتَصَدَّقَ بِهِ وَيَسْتَغْنِيَ بِهِ مِنَ النَّاسِ، خَيْرٌ لَهُ مِنْ أَنْ يَسْأَلَ رَجُلًا، أَعْطَاهُ أَوْ مَنَعَهُ ذَلِكَ، فَإِنَّ الْيَدَ الْعُلْيَا أَفْضَلُ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَابْدَأْ بِمَنْ تَعُولُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.): «Мен Алла Елшісінің (с.а.с.): “Сендердің біріңнің таңертең шығып, отын жинап, оны арқалап әкелуі, сол еңбегінен садақа беріп, адамдарға мұқтаж болмауы – біреуден сұрағанынан әлдеқайда қайырлы. Әлгі адам оған беруі де, бермеуі де мүмкін. Өйткені жоғарғы қол төменгі қолдан абзал. Әуелі асырауыңдағы адамдардан баста”, – дегенін естідім», – деді. (1042/106)

بَابٌ: الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى

51-бапБеруші қол – алушы қолдан қайырлы

560
Мүслим, № 560Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنْ عَبْدِ اللَّهِ بْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ، وَهُوَ عَلَى الْمِنْبَرِ، وَهُوَ يَذْكُرُ الصَّدَقَةَ وَالتَّعَفُّفَ عَنِ الْمَسْأَلَةِ: «الْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى، وَالْيَدُ الْعُلْيَا الْمُنْفِقَةُ، وَالسُّفْلَى السَّائِلَةُ».

Қазақша аудармасы

Абдулла ибн Омардың (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) мінберде тұрып, садақа беру және елден қайыр сұрамай, арын сақтау жайында сөз еткен кезде: «Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы. Жоғарғы қол – садақа берушінің қолы, ал төменгі қол – сұраушының қолы», – деген. (1033/94)

561
Мүслим, № 561Риуаят етуші: Хаким ибн Хизам (р.а.)

عَنْ حَكِيمِ بْنِ حِزَامٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «سَأَلْتُ النَّبِيَّ ﷺ فَأَعْطَانِي، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأَعْطَانِي، ثُمَّ سَأَلْتُهُ فَأَعْطَانِي، ثُمَّ قَالَ: “إِنَّ هَذَا الْمَالَ خَضِرَةٌ حُلْوَةٌ، فَمَنْ أَخَذَهُ بِطِيبِ نَفْسٍ بُورِكَ لَهُ فِيهِ، وَمَنْ أَخَذَهُ بِإِشْرَافِ نَفْسٍ لَمْ يُبَارَكْ لَهُ فِيهِ، وَكَانَ كَالَّذِي يَأْكُلُ وَلَا يَشْبَعُ، وَالْيَدُ الْعُلْيَا خَيْرٌ مِنَ الْيَدِ السُّفْلَى”».

Қазақша аудармасы

Хаким ибн Хизам (р.а.) былай деді: «Мен Пайғамбардан (с.а.с.) мал-дүние сұрадым, ол маған берді. Содан кейін тағы сұрадым, ол тағы да берді. Үшінші рет сұрағанымда да берді. Содан кейін: “Расында, бұл мал-дүние – көзге көрікті, көңілге тәтті. Кім оны көңілі тоқ, қанағатпен алса, оған береке беріледі. Ал кім оны көзі тоймай, құныға алса, оған береке берілмейді. Ол жегенімен тоймайтын адам секілді болады. Жоғарғы қол төменгі қолдан қайырлы”, – деді». (1035/96)

بَابٌ: الْمِسْكِينُ الَّذِي لَا يَجِدُ غِنًى وَلَا يَسْأَلُ النَّاسَ

52-бапКүнкөріске жетерлік дүние-мүлкі жоқ әрі адамдардан қайыр сұрамайтын мұқтаж адам туралы

562
Мүслим, № 562Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ قَالَ: «لَيْسَ الْمِسْكِينُ بِهَذَا الطَّوَّافِ الَّذِي يَطُوفُ عَلَى النَّاسِ، فَتَرُدُّهُ اللُّقْمَةُ وَاللُّقْمَتَانِ، وَالتَّمْرَةُ وَالتَّمْرَتَانِ». قَالُوا: «فَمَا الْمِسْكِينُ يَا رَسُولَ اللَّهِ؟» قَالَ: «الَّذِي لَا يَجِدُ غِنًى يُغْنِيهِ، وَلَا يُفْطَنُ لَهُ، فَيُتَصَدَّقَ عَلَيْهِ، وَلَا يَسْأَلُ النَّاسَ شَيْئًا».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайраның (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Міскін – адамдарды аралап жүріп, бір-екі үзім ас немесе бір-екі құрма алып қайтып кететін адам емес». Сахабалар: «Уа, Расулалла! Онда міскін кім?» – деп сұрады. Ол (с.а.с.): «Міскін – күнкөрісіне жеткілікті дүние таба алмайтын, мұқтаждығы байқалмағандықтан садақа берілмейтін әрі адамдардан еш нәрсе сұрамайтын адам», – деді. (1039/101)

بَابٌ: لَيْسَ الْغِنَى عَنْ كَثْرَةِ الْعَرَضِ

53-бапБайлық дүние-мүліктің көптігінде емес

563
Мүслим, № 563Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «لَيْسَ الْغِنَى عَنْ كَثْرَةِ الْعَرَضِ، وَلَكِنَّ الْغِنَى غِنَى النَّفْسِ».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Байлық дүние-мүліктің көптігінде емес. Нағыз байлық – көңіл байлығы». (1051/120)

بَابٌ: كَرَاهِيَةُ الْحِرْصِ عَلَى الدُّنْيَا

54-бапДүниеге құнығудың ұнамсыз саналуы

564
Мүслим, № 564Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «يَهْرَمُ ابْنُ آدَمَ وَتَشِبُّ مِنْهُ اثْنَتَانِ: الْحِرْصُ عَلَى الْمَالِ، وَالْحِرْصُ عَلَى الْعُمُرِ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізді: «Адам баласы қартайғанымен, оның бойындағы екі нәрсе жасара береді: мал-дүниеге құнығу мен ұзақ өмір сүруге деген құштарлық». (1047/115)

بَابٌ: لَوْ كَانَ لِابْنِ آدَمَ وَادِيَانِ مِنْ مَالٍ لَابْتَغَى وَادِيًا ثَالِثًا

55-бапАдам баласының дүние-мүлікке толы екі аңғары болса, үшіншісін де іздер еді

565
Мүслим, № 565

عَنْ أَبِي الْأَسْوَدِ، قَالَ: «بَعَثَ أَبُو مُوسَى الْأَشْعَرِيُّ إِلَى قُرَّاءِ أَهْلِ الْبَصْرَةِ، فَدَخَلَ عَلَيْهِ ثَلَاثُمِائَةِ رَجُلٍ قَدْ قَرَؤُوا الْقُرْآنَ، فَقَالَ: “أَنْتُمْ خِيَارُ أَهْلِ الْبَصْرَةِ وَقُرَّاؤُهُمْ، فَاتْلُوهُ، وَلَا يَطُولَنَّ عَلَيْكُمُ الْأَمَدُ فَتَقْسُوَ قُلُوبُكُمْ، كَمَا قَسَتْ قُلُوبُ مَنْ كَانَ قَبْلَكُمْ، وَإِنَّا كُنَّا نَقْرَأُ سُورَةً، كُنَّا نُشَبِّهُهَا فِي الطُّولِ وَالشِّدَّةِ بِبَرَاءَةَ، فَأُنْسِيتُهَا، غَيْرَ أَنِّي قَدْ حَفِظْتُ مِنْهَا: ‘لَوْ كَانَ لِابْنِ آدَمَ وَادِيَانِ مِنْ مَالٍ، لَابْتَغَى وَادِيًا ثَالِثًا، وَلَا يَمْلَأُ جَوْفَ ابْنِ آدَمَ إِلَّا التُّرَابُ’، وَكُنَّا نَقْرَأُ سُورَةً، كُنَّا نُشَبِّهُهَا بِإِحْدَى الْمُسَبِّحَاتِ، فَأُنْسِيتُهَا، غَيْرَ أَنِّي حَفِظْتُ مِنْهَا: ‘يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا لِمَ تَقُولُونَ مَا لَا تَفْعَلُونَ، فَتُكْتَبُ شَهَادَةً فِي أَعْنَاقِكُمْ، فَتُسْأَلُونَ عَنْهَا يَوْمَ الْقِيَامَةِ’”».

Қазақша аудармасы

Әбу әл-Асуадтың айтуынша, Әбу Мұса әл-Ашғари Басрадағы Құран қариларын шақыртты. Оның алдына Құранды меңгерген үш жүз адам келді. Сонда ол: «Сендер – Басра халқының таңдаулылары әрі қариларысыңдар. Құранды оқыңдар! Уақыт тым ұзап, өздеріңнен бұрынғылардың жүректері қатайғаны секілді, сендердің де жүректерің қатайып кетпесін. Біз бұрын ұзындығы мен қатаң ескертулері жағынан “Бараат” сүресіне ұқсас санайтын бір сүрені оқитын едік. Кейін ол маған ұмыттырылды. Алайда одан мына сөздерді жаттап қалдым: “Егер адам баласының мал-дүниеге толы екі аңғары болса, ол үшінші аңғарды қалар еді. Адам баласының қарнын топырақтан басқа ештеңе толтырмайды”. Сондай-ақ біз Алланы пәктеумен басталатын сүрелердің біріне ұқсас тағы бір сүре оқитын едік. Кейін ол да маған ұмыттырылды. Алайда одан мына сөздерді жаттап қалдым: “Уа, иман келтіргендер! Өздерің істемейтін нәрсені неге айтасыңдар?! Сонда бұл мойындарыңа куәлік болып жазылып, Қиямет күні одан сұраласыңдар”». (1050/119)

بَابٌ: مَا يَخْرُجُ مِنْ زَهْرَةِ الدُّنْيَا

56-бапДүниенің көркі саналатын игіліктердің берілуі

566
Мүслим, № 566Риуаят етуші: Әбу Сағид (р.а.)

عَنْ أَبِي سَعِيدٍ الْخُدْرِيِّ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «قَامَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَخَطَبَ النَّاسَ فَقَالَ: “لَا وَاللَّهِ، مَا أَخْشَى عَلَيْكُمْ، أَيُّهَا النَّاسُ، إِلَّا مَا يُخْرِجُ اللَّهُ لَكُمْ مِنْ زَهْرَةِ الدُّنْيَا”. فَقَالَ رَجُلٌ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيَأْتِي الْخَيْرُ بِالشَّرِّ؟” فَصَمَتَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ سَاعَةً، ثُمَّ قَالَ: “كَيْفَ قُلْتَ؟” قَالَ: قُلْتُ: “يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَيَأْتِي الْخَيْرُ بِالشَّرِّ؟” فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: “إِنَّ الْخَيْرَ لَا يَأْتِي إِلَّا بِخَيْرٍ”. ثُمَّ قَالَ: “أَوَخَيْرٌ هُوَ؟ إِنَّ كُلَّ مَا يُنْبِتُ الرَّبِيعُ يَقْتُلُ حَبَطًا أَوْ يُلِمُّ، إِلَّا آكِلَةَ الْخَضِرِ، أَكَلَتْ، حَتَّى إِذَا امْتَلَأَتْ خَاصِرَتَاهَا اسْتَقْبَلَتِ الشَّمْسَ، ثَلَطَتْ أَوْ بَالَتْ، ثُمَّ اجْتَرَّتْ، فَعَادَتْ فَأَكَلَتْ؛ فَمَنْ يَأْخُذْ مَالًا بِحَقِّهِ يُبَارَكْ لَهُ فِيهِ، وَمَنْ يَأْخُذْ مَالًا بِغَيْرِ حَقِّهِ فَمَثَلُهُ كَمَثَلِ الَّذِي يَأْكُلُ وَلَا يَشْبَعُ”».

Қазақша аудармасы

Әбу Сағид әл-Худридің (р.а.) айтуынша, Алла Елшісі (с.а.с.) орнынан тұрып, адамдарға құтба айтып: «Жоқ! Алланың атымен ант етемін, уа, адамдар! Мен сендер үшін Алланың сендерге дүние қызығынан нәсіп ететін нәрселерінен ғана қорқамын», – деді. Сонда бір кісі: «Уа, Расулалла! Жақсылық жамандық әкеле ме?» – деп сұрады. Алла Елшісі (с.а.с.) біраз уақыт үнсіз қалды. Содан кейін: «Сен не деп едің?» – деп сұрады. Әлгі кісі: «Уа, Расулалла! “Жақсылық жамандық әкеле ме?” – деп сұрадым», – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Расында, жақсылық тек жақсылық әкеледі. Алайда бұл шын мәнінде жақсылық па? Көктемде өскен шөпті шамадан тыс жеген малдың іші кеуіп, өліп кетеді немесе өлімге шақ қалады. Тек көк шөпті мөлшерімен жейтін мал ғана олай емес: ол екі бүйірі толғанша жейді де, күнге қарап, тезегін тастайды немесе зәрін шығарады. Содан кейін күйіс қайырып, қайтадан жайылады. Кім мал-дүниені адал жолмен алса, сол дүниесіне береке беріледі. Ал кім оны адал емес жолмен алса, жесе де тоймайтын адамға ұқсайды», – деді. (1052/121)

بَابٌ: إِبَاحَةُ الْأَخْذِ لِمَنْ أُعْطِيَ مِنْ غَيْرِ مَسْأَلَةٍ وَلَا إِشْرَافٍ

57-бапӨзі сұрамай әрі дәметпей берілген нәрсені алуға рұқсат етілуі

567
Мүслим, № 567Риуаят етуші: Ибн Омар (р.а.)

عَنِ ابْنِ عُمَرَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ كَانَ يُعْطِي عُمَرَ بْنَ الْخَطَّابِ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ الْعَطَاءَ، فَيَقُولُ لَهُ عُمَرُ: «أَعْطِهِ، يَا رَسُولَ اللَّهِ، أَفْقَرَ إِلَيْهِ مِنِّي». فَقَالَ لَهُ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «خُذْهُ فَتَمَوَّلْهُ أَوْ تَصَدَّقْ بِهِ، وَمَا جَاءَكَ مِنْ هَذَا الْمَالِ وَأَنْتَ غَيْرُ مُشْرِفٍ وَلَا سَائِلٍ فَخُذْهُ، وَمَا لَا، فَلَا تُتْبِعْهُ نَفْسَكَ». قَالَ سَالِمٌ: «فَمِنْ أَجْلِ ذَلِكَ كَانَ ابْنُ عُمَرَ لَا يَسْأَلُ أَحَدًا شَيْئًا، وَلَا يَرُدُّ شَيْئًا أُعْطِيَهُ».

Қазақша аудармасы

Ибн Омардың (р.а.) жеткізуінше, Алла Елшісі (с.а.с.) Омар ибн әл-Хаттабқа (р.а.) бір нәрсе беретін. Сонда Омар (р.а.): «Уа, Расулалла! Мұны менен де мұқтаж адамға беріңіз», – дейтін. Алла Елшісі (с.а.с.) оған: «Оны ал да, өз малыңа қос немесе садақа ет. Осы малдан сен сұрамай әрі оған көзіңді тікпей тұрғаныңда саған келгенін ал. Ал саған келмеген нәрсеге көңіліңді байлама», – деді. Сәлим: «Осы себепті Ибн Омар ешкімнен еш нәрсе сұрамайтын әрі өзіне берілген нәрсені де қайтармайтын», – деген. (1045/111)

بَابٌ: مَنْ تَحِلُّ لَهُ الْمَسْأَلَةُ

58-бапҚайыр сұрауға рұқсат етілетін адамдар туралы

568
Мүслим, № 568

عَنْ قَبِيصَةَ بْنِ مُخَارِقٍ الْهِلَالِيِّ، قَالَ: «تَحَمَّلْتُ حَمَالَةً، فَأَتَيْتُ رَسُولَ اللَّهِ ﷺ أَسْأَلُهُ فِيهَا، فَقَالَ: “أَقِمْ حَتَّى تَأْتِيَنَا الصَّدَقَةُ، فَنَأْمُرَ لَكَ بِهَا”. قَالَ: ثُمَّ قَالَ: “يَا قَبِيصَةُ، إِنَّ الْمَسْأَلَةَ لَا تَحِلُّ إِلَّا لِأَحَدِ ثَلَاثَةٍ: رَجُلٍ تَحَمَّلَ حَمَالَةً، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَهَا، ثُمَّ يُمْسِكُ، وَرَجُلٍ أَصَابَتْهُ جَائِحَةٌ اجْتَاحَتْ مَالَهُ، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَ قِوَامًا مِنْ عَيْشٍ” (أَوْ قَالَ: “سِدَادًا مِنْ عَيْشٍ”) “وَرَجُلٍ أَصَابَتْهُ فَاقَةٌ حَتَّى يَقُولَ ثَلَاثَةٌ مِنْ ذَوِي الْحِجَا مِنْ قَوْمِهِ: ‘لَقَدْ أَصَابَتْ فُلَانًا فَاقَةٌ’، فَحَلَّتْ لَهُ الْمَسْأَلَةُ حَتَّى يُصِيبَ قِوَامًا مِنْ عَيْشٍ” (أَوْ قَالَ: “سِدَادًا مِنْ عَيْشٍ”) “فَمَا سِوَاهُنَّ مِنَ الْمَسْأَلَةِ يَا قَبِيصَةُ سُحْتًا يَأْكُلُهَا صَاحِبُهَا سُحْتًا”».

Қазақша аудармасы

Қабиса ибн Мұхариқ әл-Һилали былай деген: «Мен адамдардың арасын бітістіру үшін төленетін бір өтемді мойныма алдым. Соны өтеуге көмек сұрап, Алла Елшісіне (с.а.с.) бардым. Ол (с.а.с.): “Зекет малы келгенше осында қала тұр. Саған содан үлес беруді бұйырамыз”, – деді. Содан кейін: “Уа, Қабиса! Мал сұрау үш адамның біріне ғана рұқсат етіледі. Біріншісі – адамдардың арасын бітістіру үшін төлем міндеттемесін мойнына алған адам. Оған сол төлемді өтейтін мөлшерге қол жеткізгенше мал сұрауға болады, содан кейін сұрауын тоқтатуы керек. Екіншісі – мал-мүлкін түгелдей жойып кеткен апатқа ұшыраған адам. Оған күнкөрісін қалпына келтіретіндей қаражатқа (немесе: ‘Күнкөрісіне жеткілікті мөлшерге’) қол жеткізгенше мал сұрауға болады. Үшіншісі – жоқшылыққа ұшыраған әрі қауымының ақыл-парасат иелерінен үш адам: ‘Пәленше шынымен жоқшылыққа ұшырады’, – деп куәлік берген адам. Оған да күнкөрісін қалпына келтіретіндей қаражатқа (немесе: ‘Күнкөрісіне жеткілікті мөлшерге’) қол жеткізгенше мал сұрауға болады. Уа, Қабиса! Бұлардан өзге жағдайда сұрап алынған мал – харам. Оны сұраған адам харам мал жеген болады”, – деді». (1044/109)

بَابٌ: إِعْطَاءُ مَنْ يَسْأَلُ بِغِلْظَةٍ

59-бапДөрекі түрде сұраған адамға үлес беру

569
Мүслим, № 569Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «كُنْتُ أَمْشِي مَعَ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، وَعَلَيْهِ رِدَاءٌ نَجْرَانِيٌّ غَلِيظُ الْحَاشِيَةِ، فَأَدْرَكَهُ أَعْرَابِيٌّ، فَجَبَذَهُ بِرِدَائِهِ جَبْذَةً شَدِيدَةً، نَظَرْتُ إِلَى صَفْحَةِ عُنُقِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ وَقَدْ أَثَّرَتْ بِهَا حَاشِيَةُ الرِّدَاءِ، مِنْ شِدَّةِ جَبْذَتِهِ، ثُمَّ قَالَ: “يَا مُحَمَّدُ، مُرْ لِي مِنْ مَالِ اللَّهِ الَّذِي عِنْدَكَ”، فَالْتَفَتَ إِلَيْهِ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ فَضَحِكَ، ثُمَّ أَمَرَ لَهُ بِعَطَاءٍ».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деді: «Мен Алла Елшісімен (с.а.с.) бірге келе жатқан едім. Оның үстінде жиегі қалың әрі қатқыл Нәжран шапаны бар еді. Бір бәдәуи оған жетіп келіп, шапанынан қатты тартып қалды. Оның қатты тартқаны сонша, шапанның жиегі Алла Елшісінің (с.а.с.) мойнына із қалдырғанын көрдім. Содан кейін бәдәуи: “Уа, Мұхаммед! Қолыңдағы Алланың малынан маған да беруді бұйыр!” – деді. Алла Елшісі (с.а.с.) оған бұрылып қарап күлді де, оған сый беруді бұйырды». (1057/128)

570
Мүслим, № 570Риуаят етуші: Мисуар ибн Махрама (р.а.)

عَنِ الْمِسْوَرِ بْنِ مَخْرَمَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُمَا، أَنَّهُ قَالَ: «قَسَمَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ أَقْبِيَةً وَلَمْ يُعْطِ مَخْرَمَةَ شَيْئًا، فَقَالَ مَخْرَمَةُ: “يَا بُنَيَّ، اِنْطَلِقْ بِنَا إِلَى رَسُولِ اللَّهِ ﷺ”، فَانْطَلَقْتُ مَعَهُ، قَالَ: “اُدْخُلْ فَادْعُهُ لِي”». قَالَ: «فَدَعَوْتُهُ لَهُ، فَخَرَجَ إِلَيْهِ وَعَلَيْهِ قَبَاءٌ مِنْهَا، فَقَالَ: “خَبَأْتُ هَذَا لَكَ”». قَالَ: «فَنَظَرَ إِلَيْهِ فَقَالَ: “رَضِيَ مَخْرَمَةُ”».

Қазақша аудармасы

Мисуар ибн Махрама (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.) бірнеше қаба шапанды бөліп беріп, Махрамаға ештеңе бермеді. Сонда Махрама: “Балам, жүр, Алла Елшісіне (с.а.с.) барайық”, – деді. Мен онымен бірге бардым. Ол маған: “Ішке кіріп, оны мен үшін шақыр”, – деді. Мен Алла Елшісін (с.а.с.) шақырдым. Ол (с.а.с.) әлгі шапандардың бірін киіп, Махраманың алдына шықты да: “Мынаны саған сақтап қойған едім”, – деді. Махрама оған қарады. Сонда ол (с.а.с.): “Махрама разы болды”, – деді». (1058/129)