Хадис

Сахих Мүслим, № 517

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
14. Өзге адамға садақа ретінде берілген нәрсені Пайғамбардың (с.а.с.) әулетінің сыйлық ретінде алуына рұқсат етілуіبَابٌ: إِبَاحَةُ مَا أُهْدِيَ مِنَ الصَّدَقَةِ لِآلِ النَّبِيِّ ﷺ
Нөмірі
№ 517 (Мухтасар реті)
517
Мүслим, № 517Риуаят етуші: Әнәс (р.а.)

عَنْ أَنَسِ بْنِ مَالِكٍ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: «أَهْدَتْ بَرِيرَةُ إِلَى النَّبِيِّ ﷺ لَحْمًا تُصُدِّقَ بِهِ عَلَيْهَا، فَقَالَ: “هُوَ لَهَا صَدَقَةٌ وَلَنَا هَدِيَّةٌ”».

Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик (р.а.) былай деген: «Бәрира Пайғамбарға (с.а.с.) өзіне садақа ретінде берілген еттен сыйлады. Сонда ол (с.а.с.): “Бұл оған – садақа, ал бізге – сыйлық”, – деді». (1074/170)