Хадис

Сахих Мүслим, № 549

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
7. Зекет кітабыكِتَابُ الزَّكَاةِ
бап
42. Мал-мүлкін жұмсайтын адам мен оны жұмсамай сақтайтын адам туралыبَابٌ: فِي الْمُنْفِقِ وَالْمُمْسِكِ
Нөмірі
№ 549 (Мухтасар реті)
549
Мүслим, № 549Риуаят етуші: Әбу Һурайра (р.а.)

عَنْ أَبِي هُرَيْرَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، قَالَ: قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «مَا مِنْ يَوْمٍ يُصْبِحُ الْعِبَادُ فِيهِ إِلَّا مَلَكَانِ يَنْزِلَانِ، فَيَقُولُ أَحَدُهُمَا: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُنْفِقًا خَلَفًا”، وَيَقُولُ الْآخَرُ: “اللَّهُمَّ، أَعْطِ مُمْسِكًا تَلَفًا”».

Қазақша аудармасы

Әбу Һурайра (р.а.) былай деген: «Алла Елшісі (с.а.с.): “Құлдар таңды қарсы алатын әрбір күні екі періште түседі. Олардың бірі: ‘Уа, Алла! Дүниесін жұмсаған жанға жұмсағанының орнын толтырып бер!’ – дейді. Ал екіншісі: ‘Уа, Алла! Дүниесін сараңдықпен ұстап қалған адамның дүниесін жой!’ – дейді”, – деді». (1010/57)