عَنْ أَبِي قَتَادَةَ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ، أَنَّ رَجُلًا أَتَى النَّبِيَّ ﷺ، فَقَالَ: «كَيْفَ تَصُومُ؟» فَغَضِبَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ، فَلَمَّا رَأَى عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ غَضَبَهُ، قَالَ: «رَضِينَا بِاللَّهِ رَبًّا، وَبِالْإِسْلَامِ دِينًا، وَبِمُحَمَّدٍ نَبِيًّا، نَعُوذُ بِاللَّهِ مِنْ غَضَبِ اللَّهِ وَغَضَبِ رَسُولِهِ»، فَجَعَلَ عُمَرُ رَضِيَ اللَّهُ عَنْهُ يُرَدِّدُ هَذَا الْكَلَامَ حَتَّى سَكَنَ غَضَبُهُ، فَقَالَ عُمَرُ: «يَا رَسُولَ اللَّهِ، كَيْفَ بِمَنْ يَصُومُ الدَّهْرَ كُلَّهُ؟» قَالَ: «لَا صَامَ وَلَا أَفْطَرَ» (أَوْ قَالَ: «لَمْ يَصُمْ وَلَمْ يُفْطِرْ»). قَالَ: «كَيْفَ مَنْ يَصُومُ يَوْمَيْنِ وَيُفْطِرُ يَوْمًا؟» قَالَ: «وَيُطِيقُ ذَلِكَ أَحَدٌ؟» قَالَ: «كَيْفَ مَنْ يَصُومُ يَوْمًا وَيُفْطِرُ يَوْمًا؟» قَالَ: «ذَاكَ صَوْمُ دَاوُدَ عَلَيْهِ السَّلَامُ». قَالَ: «كَيْفَ مَنْ يَصُومُ يَوْمًا وَيُفْطِرُ يَوْمَيْنِ؟» قَالَ: «وَدِدْتُ أَنِّي طُوِّقْتُ ذَاكَ». ثُمَّ قَالَ رَسُولُ اللَّهِ ﷺ: «ثَلَاثٌ مِنْ كُلِّ شَهْرٍ، وَرَمَضَانُ إِلَى رَمَضَانَ، فَهَذَا صِيَامُ الدَّهْرِ كُلِّهِ. صِيَامُ يَوْمِ عَرَفَةَ أَحْتَسِبُ عَلَى اللَّهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ، وَالسَّنَةَ الَّتِي بَعْدَهُ، وَصِيَامُ يَوْمِ عَاشُورَاءَ أَحْتَسِبُ عَلَى اللَّهِ أَنْ يُكَفِّرَ السَّنَةَ الَّتِي قَبْلَهُ».
Әбу Қатаданың (р.а.) жеткізуінше, бір кісі Пайғамбарға (с.а.с.) келіп: «Сіз қалай ораза ұстайсыз?» – деп сұрады. Сонда Алла Елшісі (с.а.с.) ашуланды. Омар (р.а.) оның ашуланғанын көріп: «Алланың Раббымыз, Исламның дініміз, Мұхаммедтің пайғамбарымыз болғанына разымыз. Алланың қаһарынан және Оның Елшісінің ашуынан Аллаға сиынамыз», – деді. Омар (р.а.) Алла Елшісінің (с.а.с.) ашуы басылғанша осы сөздерді қайталай берді. Содан кейін Омар (р.а.): «Уа, Расулалла! Ғұмыр бойы ораза ұстайтын адам жайында не айтасыз?» – деп сұрады. Ол: «Ол ораза да ұстамады, аузын да ашпады», – деді. Немесе: «Ораза да ұстамаған, аузын да ашпаған», – деді. Омар (р.а.): «Екі күн ораза ұстап, бір күн ораза ұстамайтын адам ше?» – деп сұрады. Ол: «Бұған біреудің шамасы жете ме?» – деді. Омар (р.а.): «Бір күн ораза ұстап, бір күн ораза ұстамайтын адам ше?» – деп сұрады. Ол: «Бұл – Дәуіттің (оған сәлем болсын) оразасы», – деді. Омар (р.а.): «Бір күн ораза ұстап, екі күн ораза ұстамайтын адам ше?» – деп сұрады. Ол: «Соған шамам жетсе екен деп тілер едім», – деді. Содан кейін Алла Елшісі (с.а.с.): «Әр айда үш күн ораза ұстау және жыл сайын Рамазан оразасын ұстау – ғұмыр бойы ораза ұстағанмен тең. Арапа күні ұсталған оразаның алдыңғы және келесі жылдағы күнәларға кәффарат болуын Алладан үміт етемін. Ал Ашура күні ұсталған оразаның алдыңғы жылдағы күнәларға кәффарат болуын Алладан үміт етемін», – деді. (1162/196)