Хадис

Сахих Мүслим, № 621

Жинақ
Сахих Мүслимصحيح مسلم
кітап
8. Ораза кітабыكِتَابُ الصِّيَامِ
бап
43. Қажылық жасаушының Арапа күні ораза ұстамауыبَابٌ: تَرْكُ صَوْمِ يَوْمِ عَرَفَةَ لِلْحَاجِّ
Нөмірі
№ 621 (Мухтасар реті)
621
Мүслим, № 621

عَنْ أُمِّ الْفَضْلِ بِنْتِ الْحَارِثِ، أَنَّ نَاسًا تَمَارَوْا عِنْدَهَا يَوْمَ عَرَفَةَ فِي صِيَامِ رَسُولِ اللَّهِ ﷺ، فَقَالَ بَعْضُهُمْ: «هُوَ صَائِمٌ». وَقَالَ بَعْضُهُمْ: «لَيْسَ بِصَائِمٍ»، فَأَرْسَلْتُ إِلَيْهِ بِقَدَحِ لَبَنٍ، وَهُوَ وَاقِفٌ عَلَى بَعِيرِهِ بِعَرَفَةَ، فَشَرِبَهُ.

Қазақша аудармасы

Үммі әл-Фадл бинт әл-Харис былай деп баяндады: «Арапа күні менің қасымда бір топ адам Алла Елшісінің (с.а.с.) ораза ұстаған-ұстамағаны жөнінде пікір таластырды. Олардың кейбірі: “Ол ораза ұстап жүр”, – десе, енді біреулері: “Ораза ұстап жүрген жоқ”, – деді. Сонда мен оған бір кесе сүт жібердім. Сол кезде Алла Елшісі (с.а.с.) Арафатта түйесінің үстінде тұрған еді. Ол (с.а.с.) әлгі сүтті ішті». (1123/110)