- 1Ибн Абдулбәр «әт-Тақассиде» былай дейді: «Бұл хадистің жеткізу тізбегіне байланысты Яхия ибн Яхияға қарсылық айтылған. Одан мүрсал түрінде риуаят етілген. “Муатта” риуаятшыларының көпшілігі бойынша да ол – мүрсал». Яхиядан әл-Ағраж – Әбу Һурайра тізбегімен мүснад түрінде де риуаят етілген.
- 2Егер күн тас төбеден ауғаннан кейін жолға шықса, жәмғу тақдим жасалады, яғни бесін уақытында бесін мен екінті біріктіріліп оқылады. Ал күн тас төбеден аумай тұрып жолға шықса, жәмғу тәхир жасалады, яғни бесін кешіктіріліп, екінті уақытында екінтімен бірге оқылады. Ханафи мәзһабы осы тақырыптағы хадистерді саралап, намаздарды тек екі жағдайда: Арафатта уақфа жасағанда және Мұздалифада уақфа жасағанда біріктіріп оқуды құптаған. Басқа мәзһабтар сапар кезінде де намаздарды біріктіріп оқуға болады деп есептейді.
Муатта, № 1
- Жинақ
- Муаттаالموطأ
- кітап
- 10. Сапарда намаздарды қысқарту
- бап
- 1. Тұрғылықты жерде немесе сапарда екі намазды біріктіріп оқу
- Нөмірі
- № 1 (кітап ішіндегі рет реті)