Хадис

Муатта, № 31

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
10. Сапарда намаздарды қысқарту
бап
9. Сәске намазына қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 31 (кітап ішіндегі рет реті)
31
Муатта, 10-кітап, № 31
Қазақша аудармасы

Әнәс ибн Мәлик былай деп баяндайды: «Әжем Мүләйкә Алла елшісін (с.а.с.) асқа шақырған еді. Тамақтан кейін Алла елшісі (с.а.с.): “Тұрыңдар, сендерге намаз оқытайын!” – деп бұйырды. Мен орнымнан тұрып, әбден ескіргендіктен қарайып кеткен ши төсенішімізді алып, сумен сүрттім. Осыдан кейін Алла елшісі (с.а.с.) де орнынан тұрды. Мен жетім баламен1 бірге оның артына, ал әжем одан да әрірек сапқа тұрдық. Алла елшісі (с.а.с.) бізге екі рәкағат намаз оқытып, кейін кетіп қалды2».

  1. 1Нәуәуи бұл кісінің есімі Дамийя ибн Сағд әл-Химйәри екенін айтқан. Суюти, «Тәнуир әл-хәуәлик», 1/169.
  2. 2Бұхари, «Азан», 10/161; Муслим, «Мәсәжид», 5/266.