Хадис

Муатта, № 4

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
10. Сапарда намаздарды қысқарту
бап
1. Тұрғылықты жерде немесе сапарда екі намазды біріктіріп оқу
Нөмірі
№ 4 (кітап ішіндегі рет реті)
4
Муатта, 10-кітап, № 4
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Аббас былай деп баяндайды: «Бір жолы Алла елшісі (с.а.с.) қорқатындай жағдай болмаған әрі сапарда да жүрмеген кезде бесін мен екінтіні, ақшам мен құптанды біріктіріп оқыды».

Имам Мәлик бұл жөнінде былай дейді: «Меніңше, Алла елшісінің (с.а.с.) намаздарды осылай біріктіріп оқуы ауа райының жаңбырлы болуына байланысты болса керек».