Хадис

Муатта, № 46

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
10. Сапарда намаздарды қысқарту
бап
15. Намазда бір қолды екінші қолдың үстіне қою
Нөмірі
№ 46 (кітап ішіндегі рет реті)
46
Муатта, 10-кітап, № 46
Қазақша аудармасы

Абдулкәрим ибн Әби Мухарик әл-Басриден риуаят етіледі: «Мына сөздер алғашқы пайғамбарлардан бері келе жатқан сөздерден: “Ұятың жоқ болса, қалағаныңды істей бер”. Сондай-ақ: “Намазда бір қолды екінші қолдың үстіне қою, яғни оң қолды сол қолдың үстіне қою, ауызашар уақыты келгенде күтпей дереу ауыз ашу және сәресі асын кешіктіріп жеу – сүннет1”».

  1. 1Бірінші бөлігін Әбу Мәсғуд Уқба ибн Амр әл-Ансари әл-Бәдриге дейін жеткізеді. Бұхари, «Азан», 10/87.