Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Сендердің бірің намазын өтегеннен кейін, үйіне қайтуына келесі намазды күтуден басқа еш нәрсе кедергі болмаса, сөйтсе де үйіне бармай, мешітте намазды күтіп отырса, сол күткен уақыты бойы намазда саналады1».
- 1Бұхари, «Азан», 10/36; Муслим, «Мәсәжид», 5/275. Бұл – жұмысы жоқ адамдарға қатысты. Жұмысы бар адамның намазын оқығаннан кейін мешітте отырғанынан гөрі жұмысына барғаны абзал. Тіпті Әзірет Омар кейде намаздардың арасында мешітке соғып, онда отырғандарды қамшымен жұмысқа жіберетін.