Қазақша аудармасы
Сағид ибн Мусәйябтан риуаят етіледі: «Айтылуынша, мұнафықтарды қоспағанда, азан айтылғаннан кейін мешіттен тек оған қайта оралуды ниет еткен адам ғана шыға алады1».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Мұндай сөзді адам өз пікірімен емес, бір дәлелге сүйеніп айтады». Әбу Һурайрадан сахих тізбекпен марфуғ түрінде де риуаят етілген. Бұхари, «Салат», 8/60; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/70.