Қазақша аудармасы
Рабиға ибн Әби Абдуррахманнан риуаят етіледі: «Абдуллаһ ибн Омар мешітке келген кезде жамағат намазды оқып қойған еді. Сонда ол ешқандай сүннет оқымай, дереу парыздан бастады1».
- 1Абдуллаһ ибн Омардың сүннетті оқымай, парыздан бастауы сүннетті кейде тәрк етуге болатынын білдіру үшін немесе уақыт тар болғандықтан болса керек. Әйтпесе ардақты сахабалар барлық сүннеттерді мұқият әрі ықыласпен орындайтын.