Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Періштелердің бір тобы түнде, бір тобы күндіз араларыңда болады. Екі топ екінті және таң намаздарында бір-біріне міндеттерін тапсырады. Кейін түнде міндет атқарғандар қайтқанда, Алла Тағала өзі өте жақсы білсе де, олардан: “Құлдарымды қандай күйде қалдырдыңдар?” – деп сұрайды. Олар: “Біз оларды қалдырғанда намаз оқып жатыр еді. Оларға барғанымызда да намаз оқып жатқан еді”, – деп жауап береді1».
- 1Бұхари, «Мәуақит әс-салат», 9/16; Муслим, «Мәсәжид», 5/210.