Қазақша аудармасы
Имам Мәликтен риуаят етіледі: «Ораза айт пен құрбан айтқа қатысты арамызда қайшылықсыз қалыптасқан дәстүр бар. Ол – имам айт намазының уақытынан бұрын үйінен шығады, намаз оқитын жерге келгенде айт намазының уақыты кірген болады1».
Яхияның риуаяты бойынша, Имам Мәликтен: «Имамға ұйып айт намазын оқыған адамның құтбаны тыңдамай мешіттен шығып кетуі дұрыс па?» – деп сұрағанда, ол: «Жоқ, имам құтбаны бітірмейінше, жамағаттың кетуі дұрыс емес», – деп жауап берді.
- 1Біздің елде қолданылатын тәртіп бұдан өзгеше. Таң намазынан кейін айт намазының уақыты кіргенше Құран оқылып немесе уағыз айтылып, мешітте күтіледі. Содан кейін айт намазы оқылып, айт құтбасы тыңдалады. Дұға етілген соң, айттасуға шығады.