Қазақша аудармасы
Амр ибн Шуғайбтан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) жаңбыр дұғасына шыққан кезде былай дұға ететін: «Уа, Алла! Құлдарыңа және жануарларға жаңбыр бер. Рақымыңды жан-жаққа жай, өлі жерлеріңді тірілт1».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Мәлик бұл хадисті Яхия – Амр тізбегімен мүрсал түрінде риуаят еткен». Басқалары оны Яхия – Амр ибн Шуғайб – оның әкесі – оның атасы тізбегімен мүснад түрінде жеткізген. Солардың бірі – Сәури. Әбу Дәуіт, «Салат әл-истисқа», 3/2.