Қазақша аудармасы
Яхия ибн Сағидтен риуаят етіледі: Естуінше, Пайғамбар былай дұға ететін: «Уа, таңдарды жаратқан, түнді тынығуға арнаған, күн мен айды белгілі бір есеппен жүргізген Аллам! Маған қарызымды өтеуге мүмкіндік бер, мені кедейліктен сақта. Есту, көру қабілетім мен күш-қуатымды Сенің жолыңда игілігіме жарата көр1».
- 1Ибн Абдулбәр былай дейді: «Мәликтің риуаятшылары бұл хадистің иснадында да, мәтінінде де қайшылыққа түспеген». Бұл – мүрсал хадис. Муслим ибн Ясар – табиғиндерден.