Хадис

Муатта, № 28

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
8. Дұғаға қатысты риуаяттар
Нөмірі
№ 28 (кітап ішіндегі рет реті)
28
Муатта, 16-кітап, № 28
Қазақша аудармасы

Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Дұға еткен кезде: “Уа, Алла! Қаласаң, мені кешір. Уа, Алла! Қаласаң, маған рақым ет!” – демеңдер. Өйткені Алла Тағала қалағанын істеуде ерікті, Оны ешкім мәжбүрлей алмайды1».

  1. 1Бұхари, «Даъауат», 80/21; Муслим, «Әз-Зикр уәд-дуға», 48/9.