Қазақша аудармасы
Һишам ибн Уруә әкесінен жеткізеді: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Күн шығып келе жатқанда, ол әбден шыққанға дейін оқитын намаздарыңды кейінге қалдырыңдар. Күн бата бастағанда да, толық батқанға дейін намаздарыңды кейінге қалдырыңдар1».
- 1Бұхари, «Мәуақит әс-салат», 9/30. Маусул түрінде. Муслим, «Салат әл-мусафирин», 51/291.