Қазақша аудармасы
Ала ибн Абдуррахман былай деп баяндайды: «Бесіннен кейін Әнас ибн Мәликтің қасына барған едік. Әнас біз барған кезде дереу тұрып, екінті намазын оқыды. Намазын бітірген соң, оған ерте оқығанын айттық. Ол неліктен бұлай ерте оқығанын түсіндіріп, былай деді: “Алла елшісінің (с.а.с.): ‘Бұл – мұнафықтардың намазы! Олар отырады, отырады да, күн батар шақта, шайтан күнмен бірге болған кезде тұрып, асығыс-үсігіс төрт рәкағат намаз оқиды. Уақыт тар болғандықтан, тәсбихтерін де толық айтпайды’, – деп бұйырғанын естідім1”».
- 1Муслим, «Мәсәжид», 5/195.