Хадис

Муатта, № 5

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
4. Құран кәрімге қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 5 (кітап ішіндегі рет реті)
5
Муатта, 16-кітап, № 5
Қазақша аудармасы

Омар ибн Хаттабтан риуаят етіледі: «Хизамның немересі Һишам ибн Хакимнің Фурқан сүресін Алла елшісінің (с.а.с.) маған үйреткеніндей, мен оқитындай оқымағанын байқадым. Сол үшін оған дүрсе қоя жаздадым. Намазын аяқтағанша күтіп тұрдым. Сосын шапанынан ұстап, оны ардақты Пайғамбарға алып бардым. Алла елшісіне (с.а.с.): “Уа, Расулалла! Бұл кісі Фурқан сүресін сіздің бізге оқытқаныңыздай оқымайды”, – дедім. Алла елшісі (с.а.с.): “Оны жібер!” – деді де, Һишамға: “Кәне, оқы, Һишам!” – деп бұйырды. Һишам өзі білетіндей етіп оқыды. Сонда Алла елшісі (с.а.с.): “Осылай түскен”, – деді. Сосын маған: “Сен де оқы!” – деді. Мен оқыдым. Ол: “Бұл да осылай түскен. Бұл Құран жеті әріп бойынша түскен. Сондықтан өздеріңе жеңіл келгенін оқыңдар”, – деп бұйырды1».

  1. 1Бұхари, «Хусумат», 44/4; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/271; Шафиғи, «Рисала», № 752.