Хадис

Муатта, № 6

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
4. Құран кәрімге қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 6 (кітап ішіндегі рет реті)
6
Муатта, 16-кітап, № 6
Қазақша аудармасы

Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Құранды үйренген адам байлаулы түйенің иесі сияқты. Егер түйесіне бас-көз болып жүрсе, оны ұстап қалады. Ал бос жіберсе, түйесі кетіп қалады1».

  1. 1Бұхари, «Фәдаил әл-Құран», 66/23; Муслим, «Салат әл-мусафирин», 6/226. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 174. Құран үйренген адамның жағдайы да осындай. Үйренгенін қайталап жүрсе, ұмытпайды. Қайталамаса, бос жіберілген түйе секілді жадынан шығып кетеді.