Хадис

Муатта, № 7

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
16. Құран кәрім
бап
4. Құран кәрімге қатысты өзге риуаяттар
Нөмірі
№ 7 (кітап ішіндегі рет реті)
7
Муатта, 16-кітап, № 7
Қазақша аудармасы

Ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) жұбайы Әзірет Айшадан риуаят етіледі: «Харис ибн Һишам ардақты Пайғамбардан уахидың қалай келетінін сұрады. Алла елшісі (с.а.с.): “Кейде қоңыраудың үні сияқты болып келеді. Маған ең ауыр тиетіні – осы. Дыбыс тоқтаған кезде уахи етілген нәрсені толық ұғынып үлгеремін. Кейде періште адам кейпіне еніп, маған уахи әкеледі. Бұл жағдайда періште, яғни Жәбірейіл менімен сөйлеседі, мен оның айтқандарын жақсылап үйреніп аламын”, – деп жауап берді.

Қақаған суық күні ардақты Пайғамбарға уахи келгенін көрдім. Уахи аяқталғаннан кейін қарасам, маңдайынан тер бұрқырап ағып тұр екен1».

  1. 1Бұхари, «Бәду әл-уахи», 1/2; Муслим, «Фәдаил», 43/87.