Һишам ибн Уруә әкесінен жеткізеді: «“Абәсә уә тәуәллә” сүресі Абдуллаһ ибн Үмми Мәктумға қатысты түскен. Бұл оқиға былай болған: Абдуллаһ ардақты Пайғамбарға келіп: “Уа, Мұхаммед! Қасыңызға барсам бола ма?” – деді. Ол кезде Алла елшісінің (с.а.с.) жанында мүшріктердің беделділерінің бірі бар еді. Осыған байланысты Пайғамбарымыз Абдуллаһты естімегендей болып, басын басқа жаққа бұрды да, қасындағы адамға: “Пәленшенің әкесі! Менің айтқан сөздерімнен қандай да бір мін көріп тұрсың ба?” – деді. Әлгі адам: “Пұттар үшін төгілген қанмен ант етемін, айтқандарыңнан ешқандай мін көріп тұрған жоқпын...” – деп жауап берді. Осыдан кейін: “Қабақ шытып, теріс айналды. Қасына бір зағип кісі келгені үшін”, – деп басталып, әрі қарай жалғасатын “Абәсә” сүресі түсті1».
- 1Тирмизи, «Тәпсір», 44/80. Маусул түрінде риуаят еткен.