Қазақша аудармасы
Әбу Сағид әл-Худри жеткізеді: Алла елшісі (с.а.с.) былай деп бұйырған: «Үш жүз сағтан аз құрмаға ұшыр жоқ; екі жүз дирхамға жетпейтін күміске зекет түспейді; бестен аз түйеге зекет түспейді».1
- 1Бұхари, «Зекет», 24/42; Шәйбани, 325. Әбу Ханифаның көзқарасы бойынша ұшыр берілетін өнімге нисап (зекет парыз болуы үшін белгіленген ең төменгі мөлшер) шарты қойылмайды. Өнім аз болсын, көп болсын, зекеті беріледі.