Қазақша аудармасы
Бүср ибн Сағид Алла елшісінің (с.а.с.) былай дегенін жеткізеді: «Жаңбырмен, бұлақпен және егістіктің өзінен шыққан сумен суарылған жердің өнімінен оннан бір, ал тасып жеткізілген сумен суарылған жердің өнімінен жиырмадан бір зекет алынады».1
- 1Бұхари («Зекет», 24/55) Ибн Омардан мәусул түрде жеткізеді. Мүслім («Зекет», 12/7) Жәбир ибн Абдуллаһтан мағынасы осындай риуаят келтіреді.