Қазақша аудармасы
Әбу Һурайрадан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) былай деген: «Мұсылманның құлы мен атына зекет түспейді».1
- 1Бұхари, «Зекет», 24/46; Мүслім, «Зекет», 12/8. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 336. Ханафи мәзһабында жылқының зекеті жөнінде екі көзқарас бар: Имамайнның пікірінше, жылқыға зекет мүлде түспейді. Әбу Ханифаның пікірінше, тұқымын көбейту үшін ұсталатын, жылдың жартысынан көбінде жайылымда жайылатын әр жылқыдан бір динар немесе әр екі жүз дирхам құнынан бес дирхам, яғни құнының 2,5 пайызы зекетке беріледі.