Қазақша аудармасы
Абдуллаһ ибн Омардан риуаят етіледі: Алла елшісі (с.а.с.) рамазан туралы сөз қозғап, былай деп бұйырды: «Һиләлді, яғни жаңа туған айды көрмей ораза бастамаңдар; һиләлді көрмей айт та жасамаңдар. Аспанды бұлт торласа, айды отыз күнге толықтырыңдар».1
- 1Бұхари, «Саум», 30/11; Мүслім, «Сиям», 13/3. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 346.