Хадис

Муатта, № 51

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
19. Ораза
бап
19. Үзір себепті рамазан оразасын ұстай алмаған адамның фидия беруі
Нөмірі
№ 51 (кітап ішіндегі рет реті)
51
Муатта, 19-кітап, № 51
Қазақша аудармасы

Имам Мәликтен риуаят етіледі: «Естігенім бойынша, Әнас ибн Мәлик ораза ұстай алмайтындай қартайған кезде фидия беретін, яғни ұстамаған әр күні үшін бір кедейді тамақтандыратын».

Имам Мәликтен риуаят етіледі: «Меніңше, ораза ұстай алмайтын мұндай адамға фидия беру міндет емес. Бірақ беруге шамасы жетсе, бергенін құп көремін. Фидия беретін болса, әр күн үшін бір кедейге Пайғамбардың мүддімен бір мүдд азық береді. Бір мүдд – жарты килограмм».