Қазақша аудармасы
Айша (р.а.): «Алла елшісі (с.а.с.) бір “фарақ” мөлшеріндегі сумен ғұсыл алатын», – деді1.
- 1Бұхари, «Ғұсыл», 5/2; Муслим, «Хайыз», 3/41. Бір «фарақ» – үш «сағ». Ал бір сағ шамамен үш жарым килограмм. Мұнда айтылмақ болғаны – судың аз қолданылуы. Ардақты Пайғамбар (с.а.с.) әрдайым, әр істе, кез келген жағдайда суды аз қолдануды бұйырған. Бір хадисінде: «Теңізден дәрет алсаңдар да, суды көп жұмсамаңдар», – деген.