Хадис

Муатта, № 69

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
17. Жүніптіктен ғұсыл алу
Нөмірі
№ 69 (кітап ішіндегі рет реті)
69
Муатта, 2-кітап, № 69
Қазақша аудармасы

Нәфиғтан риуаят етіледі: «Абдуллаһ ибн Омар жүніп болғаннан кейін ғұсыл алатын кезде алдымен оң қолына су құйып, қолдарын жуатын. Содан кейін жыныс мүшесін жуатын. Аузы мен мұрнына су алғаннан кейін суды көздеріне себелеп, бетін жуатын. Содан соң әуелі оң, кейін сол қолын жуатын. Басын жуғаннан кейін үстіне су құйып, бүкіл денесін жуатын».