Хадис

Муатта, № 72

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
18. Жыныстық қатынаста ғұсылдың уәжіп болуы
Нөмірі
№ 72 (кітап ішіндегі рет реті)
72
Муатта, 2-кітап, № 72
Қазақша аудармасы

Әбу Сәләмә ибн Абдуррахман ибн Ауф былай дейді: «Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Айшадан (р.а.) ғұсылды қажет ететін нәрсе жайында сұрадым. Ол былай деп жауап берді: “Уа, Әбу Сәләмә! Сенің жағдайың неге ұқсайтынын білесің бе? Балапанға ұқсайды. Тауықтардың дауысын естиді де, ол да солармен бірге дыбыстайды. Ер адамның жыныс мүшесінің сүндеттелген бөлігі әйелдің жыныс мүшесіне кірсе, ғұсыл уәжіп болады1”».

  1. 1Осы хадис Айшадан (р.а.) муттасыл түрде де риуаят етілген. Тирмизи, «Таһарат», 1/80. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 77.