Қазақша аудармасы
Сағид ибн әл-Мусәйябтан риуаят етіледі: «Әбу Мұса әл-Әшғари Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы Айшаға (р.а.) барып: “Алла елшісінің (с.а.с.) сахабаларының бір мәселе жөнінде пікір таластыруы маған ауыр тиіп жүр. Оны сізден сұрауға да қысыламын”, – деді. Айша: “Ол қандай мәселе? Қысылма, анаңнан сұрай алатын нәрсеңді менен де сұра”, – дегенде, Әбу Мұса: “Адам әйелімен жыныстық қатынаста болған кезде кейде әлсіреп, босаңсып қалады, бірақ шәует шықпайды”, – деді. Сонда Айша: “Ер адамның жыныс мүшесінің сүндеттелген бөлігі әйелдің жыныс мүшесіне кірсе, шәует шықпаса да, ғұсыл уәжіп болады”, – деді. Әбу Мұса: “Мұны енді сізден кейін ешкімнен сұрамаймын”, – деді1».
- 1Ибн Абдилбәр «әт-Тақасси» кітабында бұл хадистің мауқуф екенін айтады. Ал кітаптың түсіндірмесінде хадистің муттасыл түрде жеткені көрсетілген: Муслим, «Хайыз», 3/88.