Қазақша аудармасы
Уруә ибн Зүбәйрден риуаят етіледі: «Үммі Сүләйм Алла елшісінен: “Әйелдер де ерлер сияқты түсінде ихтиләм болғанын көрсе, ғұсыл алуы керек пе?” – деп сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.): “Иә, ғұсыл алсын”, – деп бұйырды. Сонда әзірет Айша Үммі Сүләймге: “Не деп тұрсың, әйел адам оны, яғни мәниін көре ала ма?” – деді. Алла елшісі (с.а.с.) Айшаға: “Алла қайырыңды берсін, олай болса, бала анасына қалай ұқсайды?” – деп бұйырды1».
- 1Муслим, «Хайыз», 3/30. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 81.