Хадис

Муатта, № 85

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
2. Таһарат (тазалық)
бап
21. Әйелдердің де ерлер сияқты ихтиләм болған кезде ғұсыл алуы туралы
Нөмірі
№ 85 (кітап ішіндегі рет реті)
85
Муатта, 2-кітап, № 85
Қазақша аудармасы

Алла елшісінің жұбайы Үммі Сәләмә былай деп баяндайды: «Әбу Талха әл-Ансаридің әйелі Үммі Сүләйм Алла елшісінің құзырына келіп: “Уа, Расулалла! Алла ақиқатты үйрену мәселесінде ұялуды бұйырмайды. Әйел адам да ихтиләм болса, ғұсыл алуы керек пе?” – деп сұрағанда, Алла елшісі (с.а.с.): “Иә, суды, яғни мәниді көрген кезде”, – деп бұйырды1».

  1. 1Бұхари, «Ілім», 3/50; Муслим, «Хайыз», 3/32.