Қазақша аудармасы
Алла елшісінің (с.а.с.) жұбайы әзірет Айшадан риуаят етіледі: «Алла елшісі (с.а.с.) иғтикафта болғанда терезеден басын маған созатын. Мен оның шашын жуып, тарайтынмын. Иғтикафта отырған жерінен тек үлкен не кіші дәретке бару үшін ғана шығатын».1
- 1Бұхари, «Иғтикаф», 33/3; Мүслім, «Хайыз», 3/6. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 377. Ханафи мәзһабы иғтикафтың орындалуы жөнінде осы хадиске сүйенеді.