Хадис

Муатта, № 101

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
31. Қажылық кезінде дұшпан бөгет болған адамның жағдайы[^659]
Нөмірі
№ 101 (кітап ішіндегі рет реті)
101
Муатта, 21-кітап, № 101
Қазақша аудармасы

Имам Мәлик былай дейді: «Дұшпанның қоршауына түсіп, Бәйтулланы тауап етуіне кедергі жасалған адам сол жерде құрбандығын шалып, шашын алдырады да, ихрамнан шығады. Кейін осы қажылықтың қазасын өтеуі міндет емес. Маған жеткен риуаятқа қарағанда, Алла елшісі (с.а.с.) мен сахабалары Худайбияда осылай істеген. Құрбандықтарын шалып, шаштарын алдырған. Бәйтулланы тауап етпестен, құрбандықтары да ол жерге жетпестен, ихрамдағы адамға тыйым салынған нәрселерді істей бастаған. Кейін ардақты Пайғамбардың сахабаларының біріне де, қасындағылардың ешқайсысына да өтелмей қалған осы тауаптың қазасын өтеуді немесе оны қайта орындауды бұйырғаны белгілі емес».