Қазақша аудармасы
Әзірет Айшадан: «Алла елшісі (с.а.с.): “Қауымың Қағбаны салғанда, Ибраһим (а.с.) қалаған іргетастың бір бөлігін қалдырып кеткенін көрмедің бе?” – деді. Мен: “Уа, Расулалла! Оны әзірет Ибраһимнің іргетасының үстіне толық қайта салуды ойламайсыз ба?” – дедім. Ардақты Пайғамбар: “Егер қауымың күпірліктен енді ғана шықпаған болса, міндетті түрде солай істер едім”, – деді». Абдуллаһ ибн Омар былай деген: «Егер әзірет Айша мұны Алла елшісінен (с.а.с.) естіген болса, меніңше, оның Хижр жағындағы екі бұрышқа истиләм жасамауының, яғни оларды сипап сәлем бермеуінің себебі – Қағбаның Ибраһим қалаған іргетастың үстіне толық салынбағандығы ғана».1
- 1Бұхари, «Тәфсир», 65/2; Мүслім, «Хажж», 15/399. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 479.