Қазақша аудармасы
Имам Мәлик былай дейді: «Маған жеткен риуаятқа қарағанда, Алла елшісі (с.а.с.) Бәйтулланы тауап еткеннен кейін екі рәкағат намаз оқитын. Содан соң Сафа мен Мәруаға барғысы келсе, мешіттен шықпай тұрып Хажарул-әсуәдке истиләм жасайтын, яғни оны қолымен сипайтын».1
- 1Мүслім, «Хажж», 15/147; Пайғамбарымыздың қажылығын баяндайтын ұзақ хадисте Жәбирден риуаят еткен.