Хадис

Муатта, № 116

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
21. Қажылық
бап
35. Тауап кезінде истиләм жасау
Нөмірі
№ 116 (кітап ішіндегі рет реті)
116
Муатта, 21-кітап, № 116
Қазақша аудармасы

Һишам әкесі Уруадан жеткізеді: «Алла елшісі (с.а.с.) Абдуррахман ибн Ауфтан: “Уа, Әбу Мұхаммед! Хажарул-әсуәдке қалай истиләм жасадың?” – деп сұрады. Абдуррахман: “Шамам жеткенше истиләм жасадым, қиналған кезде тоқтаттым”, – деп жауап берді. Сонда ардақты Пайғамбар: “Дұрыс істегенсің”, – деді».1

  1. 1Бұл – мүрсәл хадис. Ибн Абдилбәр оны Суфян әс-Сәури – Һишам – әкесі – Абдуррахман ибн Ауф иснадымен жалғасқан түрде риуаят еткен.