Қазақша аудармасы
Сағб ибн Жәссама әл-Ләйси былай деп әңгімелейді: «Алла елшісіне (с.а.с.) бір жабайы есекті сыйға тартқан едім. Ол кезде ол Әбуада немесе Уәдданда болатын. Алла елшісі (с.а.с.) сыйымды қабыл етпеді. Бұған ренжігенімді көргенде: “Сыйыңды қабыл етпей қояйын деген жоқпын, алайда біз ихрамдамыз”, – деді».1
- 1Бұхари, «Жәзаус-сайд», 28/6; Мүслім, «Хажж», 15/50. Сондай-ақ қараңыз: Шәйбани, 441. Әбуа – Мәдинадан жиырма үш миль жердегі мекен. Уәддан – Жухфа мен Әбуаның арасындағы, Жухфаға жақынырақ орналасқан үлкен ауыл.