Қазақша аудармасы
Имам Мәликтен жеткен риуаятта Алла елшісі (с.а.с.) былай деп ант еткен: «Жоқ! Жүректерді өзгертетін Аллаға ант етемін».1
- 1Зурқани былай дейді: «Белгілі болғандай, Мәликтің “маған жетті” деген үлгіде жеткізген бұл риуаяты сахих. Оған ұстазы Мұса ибн Уқбадан жеткен болуы мүмкін». Бұхари, «Әйман уән-нузур», 83/3. Мұнда жүректерді өзгерту дегені оларды дене мүшесі ретінде бір жаққа бұру емес, олардың күйі мен қалау бағытын өзгерту дегенді білдіреді.