Хадис

Муатта, № 13

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
27. Неке
бап
4. Ерлі-зайыптылардың неке бөлмесінде оңаша қалуымен мәһірдің міндетті болуы
Нөмірі
№ 13 (кітап ішіндегі рет реті)
13
Муатта, 27-кітап, № 13
Қазақша аудармасы

Зәйд ибн Сәбит былай дейді: «Ерлі-зайыптылар неке бөлмесіне кіріп, перде түсірілсе, яғни есік жабылса, мәһір беру міндетті болады».

Сағид ибн Мүсәйяб былай дейді: «Ерлі-зайыптылар әйелдің үйінде оңаша қалса, жұбайлық қатынасқа түскен-түспегені жөнінде ер адамның сөзі негізге алынады. Ал ер адамның үйінде оңаша қалса, әйелдің сөзі негізге алынады».

Имам Мәлик былай дейді: «Әйелдің үйіндегі неке бөлмесіне кіргеннен кейін әйел: “Күйеуім маған жақындасты”, – десе, ал ер адам: “Мен оған жақындаспадым”, – десе, ер адамның сөзі қабыл етіледі. Ал ер адамның үйіндегі неке бөлмесіне кіргеннен кейін ер адам: “Мен оған жақындаспадым”, – десе, әйел: “Ол маған жақындасты”, – десе, әйелдің сөзі қабыл етіледі».