Хадис

Муатта, № 22

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
27. Неке
бап
9. Талақ етілген әйелдің анасына үйленудің харам болуы
Нөмірі
№ 22 (кітап ішіндегі рет реті)
22
Муатта, 27-кітап, № 22
Қазақша аудармасы

Яхия ибн Сағид мына риуаятты жеткізеді: «Зәйд ибн Сәбиттен: “Ер адам әйелге үйленіп, онымен жақындаспай тұрып талақ етсе, сол әйелдің анасына үйленуіне бола ма?” – деп сұралды. Зәйд (р.а.): “Жоқ, болмайды. Ол – оның қайын енесі. Бұл үкімде ешқандай шарт жоқ. Шарт тек рабаибке, яғни өгей қыздарға қатысты”, – деді».1

  1. 1Мәселенің мәні мынадай: әйелді некеге алғаннан кейін онымен жақындаспай ажырасса да, оның анасына үйлену харам болады. Ал анасына үйленіп, онымен жақындаспай тұрып ажырасса, оның қызына, яғни өзінің өгей қызына үйлене алады. Бірақ анасымен жақындасқаннан кейін ажырасса, қызына үйлене алмайды.