Хадис

Муатта, № 51

Жинақ
Муаттаالموطأ
кітап
27. Неке
бап
21. Үйлену тойына қатысты үкімдер
Нөмірі
№ 51 (кітап ішіндегі рет реті)
51
Муатта, 27-кітап, № 51
Қазақша аудармасы

Әнас ибн Мәлик былай дейді: «Бір тігінші Алла елшісін (с.а.с.) өзі әзірлеген асқа шақырды. Мен де бірге бардым. Үй иесі арпа наны мен асқабақ қосылған сорпа ұсынды. Тамақ үстінде Алла елшісінің (с.а.с.) сорпадағы асқабақты теріп жегенін көрдім. Сол күннен бастап мен де асқабақты жақсы көре бастадым».1

  1. 1Бұхари, «Әтғима», 70/4; Мүслим, «Әшриба», 36/21, № 144.