Қазақша аудармасы
Омар ибн Хаттаб былай дейді: «Ажырасқаннан кейін бір-екі рет хайыз көріп, содан соң қаны тоқтаған әйел тоғыз ай күтеді. Жүкті екені анықталса, ғиддаты босанған кезде аяқталады. Ал жүкті болмаса, тоғыз айдан кейін тағы үш ай күтеді. Содан кейін ғиддаты аяқталып, басқаға тұрмысқа шығуына болады».1
Сағид ибн Мүсәйяб былай дейтін: «Талақ ету құқығы ер адамға, ал ғиддат күту міндеті әйелге тиесілі».
- 1Шайбани, 611. Ханафи мәзһабында хайыздан біржола тоқтаған әйелдің ажырасу ғиддаты – үш ай ғана. Ал күйеуі қайтыс болса, төрт ай он күн күтеді. Әйелдің ғиддаты аяқталмай тұрып хайызы қайта келсе, ғиддатты жаңадан хайыз есебімен күтеді. Бір не екі хайыз мерзімін күткеннен кейін хайыздан біржола тоқтаса, қайтадан ай есебімен ғиддат күтеді.